В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2018 жылғы 10 айында қызметі туралы есеп

Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2018 жылғы 10 айында қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер

 

   Мемлекеттің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі  мемлекеттік қызметтердің жоғары сапада барлығына ашық және тең қызмет көрсетілуі болып табылады. 

Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 5 түрін көрсетеді:

1. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

2018 жылдың 9 айында есебі бойынша Маржанкөл ауылдық округінде 41 мемлекеттік қызмет көрсетілген.  Барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 32 қызмет, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 8 қызмет, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 1 қызмет. 

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

 Тұрғындарға қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін мемлекеттік органдарда қажетті арнайы техникамен және ақпараттық стендімен жабдықталған бөлмеде мемлекеттік қызметтер  көрсетіледі.  

  Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  Маржанкөл ауылдық округі әкімшілігінің  ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат,  арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша жұмысы туралы есебі орналастырылған.

Ақпаратты жаңарту бойынша жұмыс, тиісті бөлімде қамтылған тұрақты негізде жүзеге асырылады.

   Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру мақсатында Маржанкөл ауылдық округі аппараты әкімшілігінде ауылдық округі әкімімен аппараттық кеңесте  қызметкерлер арасында  стандарттың негізгі ережелері  мен мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ  дәстүрлі және / немесе электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда түсіндірме жұмыстары өткізіледі.

2018 жылдың ішінде Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратында  құқықтық білім беру мектебі аясында 1 сабақ өткізілді. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептер бекітілген ережеге сәйкес Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының  www.osak-akimat.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін

 жетілдіру жөніндегі қызмет

 

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға мемлекеттік қызметшілер жіберілген жоқ.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

    Маржанкөл  ауылдық округі бойынша «Қоғамдық қызмет көрсету мерзімдерін бұзуын болдырмау және сапасын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жоспары» әзірленді және бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану және мерзімінен асып кеткен жағдайлар есеп беру кезінде болған емес.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

  

   Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

 

Маржанкөл ауылдық округі бойынша

мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

 

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

0

0

0

0

0

0

0

 

 

 

 


Дата редактирования: 16 Ноября 2018 16:32

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»