В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Николаев ауылдық округінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Николаев ауылдық округінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2015 жылғы қызметі туралы есеп

 

 

1.                    Жалпы ережелер

 

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 4 түрін көрсетеді:

1.     «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,

2.      «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»,

3.      «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»

4.     «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

2015 есеп жылы 42 қызмет көрсетілген, соның ішінде ХҚКО арқылы көрсетілген -жоқ, «Электронды үкімет» порталы арқылы - жоқ. Барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 42 қызмет.

Қызмет көрсетулер:

1.     «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»,

2.      «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»

3.     «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - тегін негізде, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - ақылы негізде. 

 

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен аудан мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, Николаев ауылдық округі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Сонымен қатар қызмет алушылардың округ әкімінің аппаратқа мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында ауылдық округі әкімі жанында 1 мәжіліс өткізілді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға мемлекеттік қызметшілер жіберілген жоқ.

 

4.                    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

 2015 жылдың 18 мамыр айында Осакаров ауданы бойынша «2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша Осакаров ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді, жоспар пункттары тиісті уақытында орындалады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында округ әкімі аппаратында  ай сайын мониторингтау жүргізіледі.

Есепті кезеңде мерзімді олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табады. 2016 жылда жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

 Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында Николаев ауылдық округі әкімінің  аппараты  алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

                

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 


Дата редактирования: 25 Июля 2017 17:31

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»