В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Николаев ауылдық округінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметі туралы есеп

Николаев ауылдық округінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы   қызметі туралы есеп

 

 

1.                      Жалпы ережелер

   Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызмет  болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемелкеттік қызметтердің топтастырылған тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілдімін бекіту туралы»  ҚР Үкіметінің  2013 жылығы 18 қыркүйектегі  № 983  қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізілімін құрайды.

 Есеп Николаев ауылдық округі тұрғындары ақпараттандыру мақсатында,    Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызметтер  туралы» заңының 23 бабаның  5 тармақшасына сәйкес құрылған. Есептің негізгі мақсаты барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарту, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Үкіметінің  2013 жылығы 18 қыркүйектегі  № 983  қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізілімге сәйкес Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 4 түрін көрсетеді:

1.       «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,

2.        «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»,

3.        «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»

4.       «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Есепті кезеңде 33 қызмет көрсетілген, соның ішінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»- 29, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»- 4, «Азаматтар үкіметі» арқылы және  «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш келіп түскен жоқ. Барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 29 қызмет.

      Басқа көрсетілетін қызмет түріне өтініш түскен жоқ.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарықтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған,  пандус және шақыру тетігі орналастырылыған. Сонымен қатар әкім аппараты ғимаратында «электронды үкімет» порталы бойынша электронды форматта мемлекеттік қызмет алу үшін  өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен аудан мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, Николаев ауылдық округі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту,  қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында   Николаев ауылдық округі аппаратында  өтетін жиындар мен дөңгелек үстелдерде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентінің негізгі ережелерін түсіндіру,  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту  бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2017 ж. 1 жартыжылдық қортындысы бойынша  1 жиналыс өткізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін  маманды  біліктілігін арттыруға  жолдау  жоспарлануда.

 

4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында округ әкімі аппаратында  ай сайын мониторингтау жүргізіледі.

Есепті кезеңде мерзімді олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табуда. Жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар  «Электронды үкімет» және электронды сандық қолтаңбаның  бұқаралық таралуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ бойынша 1  жартыжылдықта  ЭСҚ 196 адам алды. «Электронды үкімет» порталы және  халыққа қызмет көрсету арқылы қызмет көрсетілген жағдайда ,  қағазды құжат айналысуы төмендеп,  қажетті шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру уақыты   қысқарады.

 Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында Николаев ауылдық округі әкімінің  аппараты  алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

-  ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды міндетті түрде  сақтауы.

                           

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 Николаев ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан арыз түскен жоқ.

 

 

 

 

Николаев ауылдық округінің әкімі :                                          А.Ахметов

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 25 Июля 2017 17:42

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»