В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

НИКОЛАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ 2018 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІ.

 

    НИКОЛАЕВ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  БОЙЫНША ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ 2018 ЖЫЛҒЫ  ЕСЕБІ.

 

        Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша" Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ қызметінің негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

 - мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қажетті жағдайлар жасау;

 - көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- қызмет алушылардың шағымдарын қарау және оларды заңнамада белгіленген мерзімде қарау нәтижелері туралы хабардар ету;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

      Қызмет беруші туралы мәліметтер: "Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 101013 Николаевка ауылы, Центральная көшесі, 30.

 Мемлекеттік қызметтер тізілімге сәйкес Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 5 түрін көрсетеді:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2.  «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
  3.  «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;
  4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  5. «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқықтарды алу».
  6.   Есепті кезеңде 41 қызмет көрсетілген, соның ішінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»- 31, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-3, «Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқықтарды алу» -5, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» 2.  «Азаматтар үкіметі» арқылы және  «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш келіп түскен жоқ. Барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 25 қызмет.

 

 

        Мемлекеттік қызметтердің басқа түрлерін көрсетуге өтініштер түскен жоқ. Халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стендтермен жабдықталған үй-жайларда көрсетіледі, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Пандус және шақыру тетігі орнатылған, сондай-ақ әкім аппаратының ғимаратында "Электрондық үкімет"порталында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысының 4 бағытын орындау мақсатында Николаевка ауылының  № 10 ОМ халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курсы ұйымдастырылды.  Жоспар-кестеге сәйкес 75 адам оқудан өтті.

       Николаев ауыллық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жұмысты жақсарту мақсатында кеңестерде және дөңгелек үстелдерде әкім қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі және /немесе электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл қорытындысы бойынша округ әкімі аппаратымен  ауылдық округ әкімі жанында 1 мәжілісі  өткізілді .

      Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану және мерзімдерінің бұзылуы жағдайлары болған жоқ.

     Николаев   ауылдық округі әкімі аппаратымен  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 Николаев ауыллық округінің  әкімі:                                А.Ахметов


Дата редактирования: 13 Февраля 2019 09:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»