В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ХАТТАМА №1 Озерный ауылдық округінің көшелерінің атауын өзгерту бойынша ауыл тұрғындарымен өткізілген жиналысы

Озерное ауылы                                                                                  28.11.2017ж.

Басталуы: 15.00.

 

Жиналыстың төрағасы: Озерный ауылдық округінің әкімі Каспаков А.Т.                                                                      

Қатысушылар: Озерный  ауылы, Ералы ауылы тұрғындары (112 адам).

Күн тәртібі:

  1. Озерный ауылдық округінің көшелердің  атауын  қайта  атау туралы.

Жиынды Озерный ауылдық округінің әкімі Каспаков А.Т.                                                                        ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.

 

  1. Тыңдалды:

Каспаков А.Т.:                                                                        

Қазіргі уақытта елді мекен атауларын өзгертуге немесе қайта атауға қатысты мораторий алынып, осы бағыттағы жұмыстар қолға алынуда. Ауылымыздың    мән  мағнасы  жоқ  көшелердін  атын   қайта  атауға ұсыныстар келіп түсті. Ол   Ералы ауылының  көшелерді қазақ тіліңде  атауға.  Сонымен қатар   Озерное   ауылының екі мән  мағнасы  жоқ  көшелерін  қайта  атау  бойынша жұмыс жұргізу.

 

  1. Тыңдалды:

Омарова Қарлага (Ералы ауылының тұрғыны)

Қазіргі  заманға  сай  емес  мән  мағынасы  жоқ  көшелердің  атын   қайта    атау. Ералы ауылында  үш  көше  бар  олар Первая, Вторая, Третья атаулыры. Сондықтан, осы  көшелердін   атын  қайта  атасақ деген пікірдеміз. Первая көшесін– Атамұра көшесі,  Вторая көшесін – Бейбітшілік  көшесі,   Третья көшесін – Шаңырақ көшесі деп  атауға ұсыныс білдіремін.

 

3.Тыңдалды:

Стрельцова Александра   (Озерное ауылының тұрғыны)

Озерное ауылда бізге екі көшелерді қайта атау керек, олар Инкубаторная көшесі және Новая көшесі. Біз ауыл тұрғындарының назарына келесі атауларды ұсынамыз:  Инкубаторная көшесін - Мәңгілік көшесі, Новая көшесін -  Қайнар көшесі деп атауға ұсыныс білдіреміз.

  1. Тыңдалды:

Каспаков А.Т.:

     Бүгінгі жиында Озерный ауылдық округінің  көшелерінің   атауын   қайта атау бойынша біраз ұсыныстар қаралды. Енді, осы қаралған мәселелер бойынша: 

Ералы ауылындағы келесі көшелерді:

  1. Первая  көшесін – Атамұра  көшесі;
  2. Вторая  көшесін – Бейбітшілік  көшесі;

Третья  көшесін – Шаңырақ көшесі; деп қайта атау жөнінде «қолдап» немесе «қарсы» дауысқа салайық.

Ералы ауылының тұрғындары дауыс берді:

«Қолдап»-31 адам, «қарсы»-жоқ, «қалыс қалғандар»-жоқ

 

Озерное ауылындағы келесі көшелерді:

     1. Инкубаторная  көшесін – Мәңгілік  көшесі;

Инкубаторная көшесіңдегі тұрғындары дауыс берді:

«Қолдап»-1 адам, «қарсы»-6 адам, «қалыс қалғандар»- -жоқ

     2. Новая  көшесін – Қайнар  көшесі   деп қайта атау жөнінде «қолдап» немесе «қарсы» дауысқа салайық.

Новая көшесіңдегі тұрғындары дауыс берді:

«Қолдап»-3 адам, «қарсы»-9 адам, «қалыс қалғандар»-жоқ

 

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыра келе, ШЕШІМ шығарды:

 

  1. Ералы ауылының Первая  көшесі – Атамұра  көшесі,  Вторая  көшесі – Бейбітшілік  көшесі,   Третья  көшені - Шаңырақ көшесі деп өзгертілсін.

Озерный ауылдық округінің халқымен өткізген жиналысының күн тәртібінде қаралған көшелердің атауын   өзгерту бойынша шығарған шешімі, аудан әкімдігі, аудандық мәслихат және Қарағанды облысының ономастика комиссиясына қарауына ұсынылсын.

 

 

Жиналыстың төрағасы:                      А.Т. Каспаков

                           Хатшы:                         А. Исабекова


Дата редактирования: 31 Января 2018 17:55

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»