В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қарағайлы ауылдық округі әкімі Ерканат Балханулы Нуркановтың атқарған жұмысының ЕСЕБІ

Қарағайлы ауылдық округі әкімі Ерканат Балханулы Нуркановтың

атқарған жұмысының

ЕСЕБІ

Құрметті округ тұрғындары !

         

       Қазақстан Республикасының Президенті 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 «Әкімдердің тұрғындар алдында есептік кездесуін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, округтің  әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қортындысын мәлімдеуге рұқсат беріңіздер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

        2017 жылдың 27 қантардағы  аудан әкімінің ауылдық округ тұрғындарымен есептік кездесу қортындысы бойынша берілген 4 тапсырма тиісті уақытта орындалды.  

       Ауылдық округке бес елді мекен кіреді: Қарағайлы, Окольное, Святогоровка, Коллективное, Крещеновка жалпы адам саны 1237.

       Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 604 адам, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 284 адам, 2017 жылдың соңына тіркелген жұмыссыздар саны – 20 адам .

 

Агроөнеркәсіптік кешен саласы

 

Округіміздің экомикасының басты даму салаларының бірі ауылшаруашылығы өндірісі, атап айтқанда бидай өндіру болып табылады. Округте ауылшаруашылық өндірісімен 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,   22 шаруа және фермер қожалығы және 318 үй шаруасында округ тұрғындары айналысады.

Ауылшаруашылық өнім өндірушілерге 53 мың 600 жүз гектар жер бекітілген, оның ішінде егістікке 33 мың 800 га, жайлымға 18 мың 800 га. арналған. 29 мың 300  га егіс алқабынан орта түсімі 13,7 ц/га 37840 тонна астық жиналды.

        2017 жылдың қортындысы бойынша ірі қара малдың бас саны  2702 бас, қой-ешкі 3700 бас, жылқы 406 бас, шошқа 460 бас. Жылдан жылға округімізде мал басы өсуде.

        Ветеринариялық қызмет толық қамтамасыз етіліп, профилактикалық іс-шаралар толығымен орындалуда.

        Ветеринариялық қызмет жабдықталған, қан алу және екпе егу іс-шаралары толық мөлшерде жүргізілуде.

         2017 жылдың ақпан айында  «Қарағайлы АШӨ» 23 адамнан тұратын өндіруші кооператив құрылған. Несие мөлшері 36 млн., 219 бас ІҚМ сатып алынған. Несиелер ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы ЖКЖҚ-2020 бағдарламасы бойынша берілген.     

 

 

Жер қатынастары саласы

 

Жер қатынастар саласында жұмыс жүргізілгендіктен, округ аймағында тың жерлер жоқ. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының мал жаю мен шөп шабу жердің жетіспеушілігі маңызды мәселеге айналып отыр, сол мәселе бойынша ауыл әкімі ретінде маған ауыл тұрғындарынан көптеген сұрақтар түседі.

Құрметті ауыл тұрғындары, құрметті ағайын өздеріңізге мәлім, округіміздің егістік алқаптары өте жақын орналасқан, елді мекен аумағында деп айтуға болады. Ауылдың жан жағынан егістік орналасып, мал жайылымы бір бағытта ғана шығарылады, сонда да сол жайылым жерінің дәл ортасында егістік алқабы орналасқан. Осының бәрі малдың жайылуына кедергі болып, егістіктерге мал түсіп, ауылшаруашылық өңім өңдірушілерге шығын келтіріп отыр. Құрметті ағайын ауылымыздың жерлерінің құнарлығы егістікке деп белгіленіп  ауылшаруашылық өңім өңдірушілерге бекітілгендіктен, бар жайылымдық жерлерді үнемді пайдалануымыз керек.

Ауылымызда орталық табын ұйымдастырылған, сондықтан малдарымыздың қараусыз жайылуына жол бермеуіміз керек. Жайылымды үнемді пайдалану мақсатында, сауынды сиырларға жайылымды сақтау үшін ұсақ мал, тайынша торпақтарды арналған жерге (жайлауға) бағуымыз керек. Сол үшін округ аймағында жайлау ұйымдастыру қажет.

2017 жылдың жазғы мезгілінде жәйлім жерлерді аралап зерттеген болатынбыз. Аралаған кезде бекітелген  жәйлім ауылдын сауынды  сиырларына ғана жеткілікті, жәнеде ауылдың ұсақ малымен тайынша торпақтары бағылуға арнайы жер бекітілуге нұсқау берілді. Бірақ көрсетілген жер ауылымыздан алыста (12 шақырым) орналасқандықтан біраз қиыншылықтар туғызып отыр. Алыстығы ауылымен қатынауды қиындатып және мал басымен бақташылардың сақтылығына кепілдік бере алмаймыз. Бүгінгі күні сол жердің жайлауға деп бекіту үшін жұмыс жүргізілуде. Сол жердің құжаттарың бітіріп «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жайлау ұйымдастыру үшін даму жоспарымен бизнес жоспары құрылуда.

 

Тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылығы саласы

 

          Округтің елді мекендерінде ең маңызды мәселе халықты ауыз сумен қамтамассыз ету. «Ақ бұлақ» бағдарлама бойынша 2013 жылы Қарағайлы, Окольное ауылдарының су құбыры жанартылды. Біраз жыл бойы ауылымызға су келіп тұр, су тасу мәселесі толық жойылды. Су құбыры әкім аппаратының балансына қабылданып, «Ю.П Скворцов» жеке кәсіпкерлік ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамассыз ету үшін сенімдік пайдалануға берілді. Су құбырының мемлекеттік жер пайдалану актісі жасалды, бірақ толық су пайдалану келісім шартқа отырып, су пайдаланушы ретінде мемлекеттік тіркеуге отыру үшін су құбырына техникалық паспорт жасау керек болып тұр. 2013 жылдан бері техникалық паспорт жасау үшін қаражат бөлінбегендіктен сұрақ шешілмей тұр.

Бірақ округ орталығы  сумен қамтамассыз етілгенімен, 2017 жылы  Крещеновка ауылында 6 мәрте су құбыры жарылысы болды. Жарылған құбырларды жөндеу үшін, ауа райының қолайсыздығына және демалыс күндерге қарамай ауыл тұрғындарымен бірге жөндеу жұмыстары тез арада жүргізілді.

Бүгінгі күні ауылымыздың бір маңызды мәселесі қысқы мерзімде ауыл аралық жолдарды тазалау мәселесі. Аудан тарпынан және КСН есебінен қаражат бөлініп «Фоминов» жеке кәсіпкермен келісім шарт құрып ауыл арасындағы қар тазалануда.

От жағу маусымы қатерсіз жүріп жатыр.

 

Абаттандыру саласы

 

        Экология ахуалын жақсарту мақсатында, округ елді мекендерінің көрінісін жақсарту мақсатында санитарлық тазалау абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Өздеріңізге мәлім 2014-2015 екі жыл бойы көктемгі мерзімде ауылымызда су тасқындығы болып, жерлестеріміз зардап шеккен. Сол мәселені алдын алу үшін 2017 жылы төтенше жағдай қызметінен шынжыр аяқты бульдозер сұратып өзен бойы 1 шақырымдай топан судын тебісіне шыдайтындай өзеннің  жағалауларын 1,5 метрге көтеру жұмыстары жүргізілді. Сол жылдардан бастап су тасқынына алдын алу мақсатында Қарғалы өзенінің арнасы өсімдіктермен талдардан тазартылып, өзеннің түбі терендетіліп. Окольное ауылында жол астынан тасқынды суды ауыл маңынан жүргізу үшін үлкен су өкізетің арнайы дюббингтер салынды.

 

 

 

Әлеуметтік қорғау саласы

 

        Жыл басынан  әкім аппаратына жұмысқа орналасу туралы 41 жұмыссыз азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 14 адам қоғамдық жұмысқа қатысты.

Округте 20 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекеттік балалар жәрдем ақысы 23 отбасына  тағайындалды. Кедейлік деңгейінен төмен тұрғындар отбасы жоқ.

       Әлеуметтік көмек бөлімінде екі бағытта жұмыс жүргізілуде: жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге қызмет көрсетіледі, округімізде 5 қарияға және 3 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде. 

        Жаңа атулы әлеуметтік көмек 2 отбасына тағайындалды. 14 отбасы құжат тапсыруға дайындалып жатыр. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

       

 

Жұмыспен қамту саласы

       

     Округімізде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылуда, 5 тұрақты 105 маусымдық жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік азық-түлік бағасын көтермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалды. Округ тұрғындары Қарағанды қ, Осакаров к. өтетін жәрменкелерге үнемі қатысуда. «2017-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша округтің бес адамы несие алды.          

 

 

Білім беру саласы

          Округте Қарағайлы ауылының  № 5 орта мектеп жұмыс атқаруда. Мектепте даярлау тобы және шағын орталық жұмыс істейді. Мектепте 250 оқушы оқиды, шағын орталықта 34 бала, даярлау тобында 10 бала. № 5 орта мектебіне Святогоровка және Коллективное ауылынан 17 оқушы жеткізіліп тұр.

     2017 жылы мектепке 3 жаңа жылыту қазандығы орнатылды. Мектепке 5 компьютер және 7 ПИК бөлінді.

      Ауылымызда Қазақ күресінен Республикалық турнирлерге қатысқан 2 спортшымыз бар.

       

 

Денсаулық сақтау саласы

          Қарағайлы ауылында ФАП жұмыс істейді, Коллективное, Святогоровка және Крещеновка ауылдарында медициналық пунктер бар. ФАП шұғыл медициналық көмекке дәрілік заттармен қамтылған, емдеу кепілденген тегін медициналық көмек көлемінде көрсетіледі. 2017 жылы 16 бала туылған, 12 адам қайтыс болды, тұрғындардың табиғи өсуі жоқ, себебі округ аумағынан адамдар көшіп жатыр.

 

        

 

 

Мәдениет саласы

          Мәдениет саласында көркем өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар, демалыс кеші және тағы да басқа әр түрлі шаралар өткізілуде. Қарағайлы ауылының Мәдениет Үйінде «Славяне» мәдени-ұлттық орталығын және «Варенички» вокалдық тобын құрылған.

 

 

           

 

Діни бірлестік жұмысы

      Округ аумағында «Қазақстан мұсылман қауымдастығының» филиалы жұмыс атқаруда. Ауылымызда мешітіміз бар, имамымыз бар. Ал енді мешітімізге келсек, барлық діни шаралар өткізіліп, жұма намазы оқылып жатыр.

Құқықтық тәртіп      

       Округ әкімінің жұмысының негізгі бір саласы жемқорлыққа қарс ы құқық бұзушылық тудыратын жағдай болдырмау, алдын алу және екскерту, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау.

       Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс округ аумағында тіркелмеген.                          

                               

Ағымдағы жылда қандай мәселелерді шешуі қажет:

  1. Жайлымға және шабындыққа жер бөлу мәселесі.
  2. Интернетке қосылу.
  3. Қарағайлы ауылында қар тоқтататын қабырға орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 09 Августа 2018 17:07

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»