Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауылшарушылық жұмыскерлер күні» мерекесін өткізу бойынша ақпарат
Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауылшарушылық жұмыскерлер күні»
мерекесін өткізу бойынша ақпарат
2017 жылдың 12 қарашасында Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауылшаруашылық жұмыскерлер күні» мерекесі аталып өтті. Мерекеге шаруашылық қожалықтар басшылары мен тұрғындар қатысты. Мереке округ әкімі Сәуле Мухамедиевна Жакинаның құттықтау сөзінен басталды. Қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ауылдық округтін әкімінің мадақтамасымен «Красная Поляна» шаруашылық қожалығының меңгерушісі К. М. Чолокиди, «Ерзат» шаруа қожылығының меңгерушісі С. М. Рахимжанов марапатталды.
Сондай-ақ округ әкімінің мадақтамасымен және төмендегі аталған шаруа қожалықтарының басшыларының ақшалай сыйлығымен, «Майбұлақ» шаруа қожалығының жұмыскерлері В. В. Федик, М. Э. Гришкеев, В. А. Щерба марапатталды.
Сонымен қатар «Қамқор» шаруашылық басшысы Абибулаев А. Н өз жұмыскерлері: В. А. Филатовты, В. Э. Шкуратовты, М. М. Жуковты, Н. Ф. Рудометованы мадақтамамен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Ағымды жылдың округті көркейту аясында өткізілген көктемгі екі айлықтың қортындысы бойынша «Үздік аула» сайысының жеңімпазы А. У. Махаури ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Округтің бақташысы С. М. Молдабаевқа жақсы жұмыс атқарғаны үшін округ әкімі ақшалай сыйлық тапсырды.
Сонымен қатар округтегі № 28 орта мектеп директоры Г. Т. Әділбекова, мектепішілік шараларда қолдау көрсеткен үшін, «Қамқор» ШҚ-А. Н. Абибулаевқа, «Майбұлақ» ШҚ –Ш. А. Умаровқа, «Ерзат» ШҚ - А. С. Шраймановқа, «Айнабұлақ» ШҚ- С. П. Оспановқа алғыс хаттар ұсынды.
Дата редактирования: 05 Декабря 2017 11:45