В Осакаровке:  -4°C , Влажность 87%, Давление 720, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Ұрпағымыздың болашағы»

 

«Ұрпағымыздың болашағы»

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», - деді Президент өз мәлімдемесінде. Телеарна эфиріндегі мәлімдемеде Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.  «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз.  

Кезiнде Елбасының тiкелей шешiмiмен елiмiздегi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау мақсатында құрылған Ұлттық қорда осы кезге дейiн жинақталған қаржы көздерiнiң бiр бөлiгi осы бағыттар бойынша экономиканың нақты мәселелерiн шешуге жұмсалатын сол сияқты осы Жолдаудағы мiндеттердi атқаруға 12 трлн. теңге жұмсалатынын атап көрсеттi.

Жолдауда мемлекеттiң қазiргi экономикалық қиыншылықтарға қарамастан өткен жолдауларда алға қойылған мемлекет алдындағы әлеуметтiк мiндеттердiң орындалатыны (әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң жалақыларының, шәкiртақыларының өсуi) бiр жағынан халықты қуантса, екiншi жағынан мемлекетiмiздiң саясатының берiктiлiгiн, тұрақтылығын көрсетедi. Елбасымыз әрдайым бiлiм жүйесiн өз назарында ұстайды, осы жылғы жолдауда да қазақстандық жастар үшiн кәсiби-техникалық бiлiм тегiн болатындығы халқымыз үшiн қуаныш әрi әлеуметтiк мемлекет екенiмiздiң дәлелi. Ел жастарына Қазақстанның келешегi үшiн тарихи жауапкершiлiк арқалайтын азаматсыңдар дей отыра, жұмысшы мамандықтарын белсендi түрде игеруге шақырды. «Бiлiмдi, еңбекқор, бастамашыл, белсендi болуға қазiрден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңiрге батыл барыңдар. Шеберлiктiң шыңына жете бiлсеңдер мамандықтың бәрi жақсы. Қазiр техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күнi туған заман. Ерiнбей еңбек еткен, талмай ғылым iздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Бiз жүзеге асырып жатқан түбегейлi реформалар мен атқарып жатқан қыруар iстердiң бәрi сендер үшiн, болашақ үшiн жасалуда», деп еңбек адамының бiздiң қоғамда әрдайым мадақтап, жалпыға ортақ еңбек қоғамын жетiлдiре беретiнiмiздi жеткiздi.

 Елбасы өз Жолдауында студенттердiң ғана емес, зейнеткерлердiң, мұғалiмдердiң, дәрiгерлердiң жағдайларына көңiл аударып, назардан тыс қалдырмайды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болады деген сенiмдемiз. Елбасының көрегендi саясатына сенiмiмiз артып және әлемдi шарлаған дағдарыстан аман — есен сүрiнбей өтемiз деген үмiттемiз.

Бiздiң мектеп ұжымы Республика Президентiнiң әрдайым бiлiм беру саласына катысты идеяларын қолдайды, осы құжатта көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруда белсендiлiк танытып, елiмiздiң кемел келешегi үшiн елеулi үлес қосатынымызға сенiмдiмiз.

Елбасы Жолдауында көрсетiлген асқаралы мiндеттердi абыроймен орындау — әрбiр қазақстандықтың Отан алдындағы перзенттiк борышымыз деп бiлемiз.

 

 

К. Махаметчина,

Ақбұлақ селосының №28

 орта мектебінің мұғалімі.

Тел. 22951

 

       


Дата редактирования: 06 Февраля 2018 17:09

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»