В Осакаровке:  0°C , Влажность 23%, Давление 724, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Садовый ауылдық округінің мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2017 жылдың ІІ тоқсанына арналған есебі.

 

1. Жалпы ережелер

 

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Садовый ауылдық округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 4:

· Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

· Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

· Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

· Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Тегін негізде – 4 .

2017 жылдың ІІ тоқсанында жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру қызметі - 3.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған (шақыру тетігі орнатылды және ғимарат 1 қабатты болғандықтан пандус орнату қажет етілмейді).

Сонымен қатар, қызмет алушылардың құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі, оның аясында кеңес, дөңгелек үстел өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауыл әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

2016 - 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға мемлекеттік қызметшілер жіберілген жоқ.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2017 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері

бойынша «Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жүргізілген ішкі бақылау қорытындысы негізіндегі ұсынымдарды орындау жоспары» бекітілді.

Есепті кезенде мерзімдін олқылық жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында аудан әкімі аппаратында меморгандары ай сайын мониторинг жүргізіледі, сонымен қатар ай сайын есеп беріледі.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

-өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

2017 жылда жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.


Дата редактирования: 18 Сентября 2017 11:59

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»