В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

2018 жылда Сұңқар ауылдық округінің әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

2018 жылда

Сұңқар ауылдық округінің әкімі аппаратында

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

есебі

 

«Қарағанды облысының Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік қызмет көрсетудің 5 түрін ұсынады:

  1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру,
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну,
  3. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру,
  4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

2018 жылда 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді (17 - жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру, 3 - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу).

 2018 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар болмады, мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзған жоқ.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттар мен регламенттер (соңғы өзгерістерімен) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында аудан әкімі аппаратының ғимаратындағы стендіде орналастырылған. Сондай-ақ стендте "E-gov" порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі, порталда жұмыс жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарына шағымдану тәртібі туралы жадынамалар бар.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі үшін мемлекеттік мекемелерде қажетті жағдайлар жасалған, пандустар бар, Сұңқар ауылдық округі әкімі аппаратында шақыру түймесі орнатылған. Өзіндік бейнебеттің бұрышында үнемі электрондық үкімет порталындағы жұмыс және электронды мемлекеттік қызметтерді алу туралы хабарлар үнемі таратылады.

Сонымен қатар, бейнероликтер аудан әкімінің 2018 жылдың 16 қаңтарында Сұңқар ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуінде көрсетілді.

Сұңқар ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратында жоғарыда аталған тақырыптарда 1,5*2 м баннер орналасқан.

Округ тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.

2018 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:

1.   23 сәуір күні құқықтық жалпы оқыту аясында "Мемлекеттік қызмет туралы "Қазақстан Республикасының Заңы" тақырыбында Сұңқар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен дәріс (4 маман),

2.   16 мамыр – Сұнқар ауылының жастарымен буклеттерді таратумен электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке тарату бойынша семинар (25 адам),

3.   17 шілде Сұңқар ауылдық округі тұрғындарымен Электрондық мемлекеттік қызметтерді және цифрлық сауаттылықты насихаттау бойынша дәріс сабағы (35 адам),

4.   5 қазан – Сұңқар ауылдық округі әкімі жанындағы аппарат кеңесі (9 қызметкер),

5.   11 қазан – Сұнқар ауылының тұрғындарымен электрондық форматта мемлекеттік қызмет алу туралы дәріс сабағы (30 адам),

6.   20 қазан "Сельский труженик" аудандық газетінде "Электрондық мемлекеттік қызметтер – қол жетімділік, өмір сапасы" мақаласы»,

7.   26 қараша – Сұңқар ауылдық округі әкімі жанындағы кеңейтілген аппараттық кеңес бюджеттік мекеме басшыларының қатысуымен – бас маманның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі (15 адам).

2018 жылы округ тұрғындарының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 53 мекен-жай анықтамасы алынды, 4 адам соттылығының жоқтығы туралы анықтама алды, 2 адам салық бойынша қарыздары туралы ақпарат сұрады, 8 адам зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алды, 2 адам мәртебесін анықтау үшін өтініш білдірді, 2 адам жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар берді.

2018 жылы округ тұрғындарына электрондық үкімет порталы, "E-gov" мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету, қызмет алушылардың құқықтары және шағымдану тәртібі туралы, сондай-ақ цифрлық сауаттылық курстары туралы 455 брошюралар мен флаерлер таратылды.

2018 жылдың маусым айында компьютерлік сауаттылық курстарынан 10 адам өтті.

 2018 жылғы 23 сәуір және 16 қараша аралығында округте ХҚКО мобильдік тобы жұмыс істеді. Сондай-ақ, округ тұрғындары Сұңқар ауылдық округі әкімі аппаратының маманы көмегімен әрекет ету мерзімі аяқталған кезде 161 ЭЦҚ жаңартылды. 2018 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша ЭЦҚ 280 адам.

 

 

Сұңқар ауылдық округінің әкімі                     К. Махметова

 


Дата редактирования: 28 Января 2019 14:55

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»