В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Ауыл шежіресі

Трудовой    ауылы

Көп    жасаған    ауыл    тұрғындарының   естеліктері

 

1933 жылдың  қақаған қысы .Шоқай станциясына  көп эшолонды поездардан адамдар келіп түсуде.Бұл ең бірінші Сібірден ,Кубаннан ,Кавказдан,Чечен Ингушетиядан қоныс аударғандар болатын .Адамдар-    

ды  шанамен және басқада техникамен белгісіз жерлерге жеткізуде.Әрең дегенде бір жерге келіп тоқтадық.Бұл жер біздің ауыл орны   ең соңғы аялдама болатын,яғни ауыл орнына қағылған қазық болды.Ол  №24 ауыл болып аталды.

1933 ж. Арнаулы  қоныс аударғандар ;Филобок ,Андрющенко,Семак, Ачкасовы,Заичко,Каминские, Журавлевы,Бушуевы,Молоковы,Лаптевы, Сорокины,Гвоздевские,Черниговы және тағы басқалар.

         Тарихи  мәліметтерден: Қарағанды облысы,Осакаров ауданы,Шідерті өзенінің жағасында ,темір жолдан 25км 1933жылы болашақ мекен жаидың құрлыс жұмыстары басталды . 1934ж.жергілікті тұрғын бөлімшесі ауыл шаруашылық артель «Еңбекші « болып аталды.Ауыл басқармасына Горбань 1935ж.дейін қызмет атқарды.1934ж қыста ауылға 10трактор берілді.Ең алғашқы трактористер қатарында Чупеида борис,Иванов Петр Шквыря Федор сияқты азаматтар болды.Тркторшылар бригадирі болып

Петр Рябинов оның көмекшісі болып Сафронов Григории Иванович қызмет атқарды.Сол 1934жМТС құрлысы толық ақталды.Ал 1934ж көктемде»Қызыл қоныста»..сол кезде ең алғашқы тың жерлерді игеру осылай аталған.....егін салут жұмыстары басталды,яғни 500 га бидай салынды.Кең дала түрленіп,адамдар қарқынды еңбек  жасады.Тұрмыс жағдаилары жақсарды .Жатаханалар салынып , мектептер іске қосылды.Ауруханалар,мәдени орындар жұмыс жасай бастады.Кейін бала бақша, дүкендер салынды.Құрлыс материалдарына саздан жасалған кірпіштер паидаланылды.Жақсы салынуына баиланысты көп сақталынды.

Ауыл шаруашылық артелі егін шаруашылығымен айналысты.5 егістік бригадалары құрылып,5 дала қостары салынды.Сонымен бірге шошқа қоралары ,ірі қара бөлімшелері іске қосылды.Ауыл іргесінен бақ салынып оның жұмысына агроном Слоян Михаил басқару жасады.Қажырлы еңбегінің арқасында бүкіл агротехникалық негіздер сақталды.Арнаулы бақтармен аиналысатын бригадалар құрылды,яғни жеміс ағаштарын күтумен,баптаумен айналысты.

Бірнеше жылдан кейін бау бақша еңбеккерлері ауыл тұрғындарын жеміс жидектермен қамтамасыз етті.Сонымен бірге тұрғындар жаңа бау бақша өнімдерін игерді.

1941ж.Ұлы Отан соғысы басталды.Біздің селодан 85 адам аттанды.Соғыстан аман сау оралғандар саны 29 ғана болды. Осы соғыс кезінде ауылда тек қана қарттар ,әйелдер .балалар қалды .Тактор курстары ашылып оқыту басталды.Сонымен қатар осы курста әйелдер оқып шығып, жеке бригадалар құрылды.Оның құрамында  Заичко Вера, Ачкасова Мария,Сорокина Федосья,Ефтенко Вера.Безроднова Татьяна және тағы басқалар бар еді.Осы әйелдер ер адамдардан артық еңбек атқарды және егін жинауда жақсы жетістіктерге жетті.Жеткіншек балалар орақ жинауда ,құрлыс салуға барды.Ұлы Отан Соғысының жеңіспен келуіне еңбек даласында үлкен табысқа жеткен ауыл озаттары «Еңбектегі  ерлігі үшін « медальдарымен мараппатталды.

        1978ж. Егін өте бітік шықты.Мемлекет қамбасына  2 млн аса астық тапсырылды .Осы жылы Трудовой совхозының директоры Бесплемянный Анатолий Васильевич ерен еңбегі үшін  «Еңбек Қызыл Ту « орденімен марапаттталды. Ол совхоз басқар

ған жылдары жаңа мектеп ,сауда орталығы,бала бақша су құбырлары салынды.Ірі қара мал басы 3600 дейін жетті.1996ж совхоз Трудовой ОАО «Трудовое» болып қайта аталынды.Ал 2005ж ОАО»Трудовое» болып өзгертілді.Сонымен қатар шағын шаруа қожалықтары 90ж паида бола бастады.

Бүгінгі таңда ең ірі ТОО»Еңбек» егін өсірумен айналысады.Оның қарамағында 72  жұмыскер бар.Сонымен қатар бүгінде 27 шаруа қожалығы егін салуда.

2011ж шаруалар 2374га жерге бидай ,110га картоп ,59га бақша ,250га сафлор салды.Ал жжс «Еңбек» 15800 га бидай,200га көп жылдық шөп егуді аяақтады.2001 ж бері шарушылықты бұрынғы совхоз дирекеторы Бесплемянный Анатолий Васильевичтің баласы басқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 23 Июля 2018 13:35

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»