В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Трудовой ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі атқарған жұмыстарының есебі

 

 

Трудовой ауылдық  округі  әкімінің 2015 жылғы 1 қаңтарға  дейінгі атқарған жұмыстарының есебі.

Құрметті  ауылдастар!

 

        Бүгін біз,  2015-жылғы 1 қантар дейінгі істелген жұмыстың қорытындысын шығару үшін жиналып отырмыз.

        Бюджеттің кірісінің азайуы тікелей шикізаттың бағаларының арзандауына, дүниежүзілік экономиканың төмендеуіне қатысты үлкен өзгерістерге дүниежүзілік көшбасыларының арасында алғашқыболып, стратегияға тән шешімдерді жедел қабылдайтынын көрсете біліп, осы жылдың 11 қарашасында Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»   Қазақстан Халықына Жолдауын жариялады. Дүниежүзілік және аумақтық экономикасының дамыуының тұрақсыздығынан пайда болған себептеріне дұрыс ықпал талап етеді.

      Президенттің тапсырмасы бойынша осы бағытта келесі жұмыстар атқарылуда- 2015 жылға арналған мемлекеттік бюджет алдағы өзгерістерді еске ала отырып қайта қарастырылды.Жұмыспен қамтуды және іскерлікті белсендіруді ынталандыруға сыртқы жаңа  қауіптердің жағдайына байланысты Қазақстан экономикасының дамуына жаңа бастамалар қажет. «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаттың өзегі болатын, жеті бағыты бар Қазақстанның инфракструктуралық даму жоспары Ел Президентінің Жолдауында ұсынылған. Ұлттық фондтың ресурстары экономиканы әрі қарай өзгеруіне бағытталған. Ол, шағын және орта бизнестің, индустриалдық және әлеуметтік, энергетикалық, транспорттық инфраструктураларының дамуына жұмсалады.

      2015 жылдың 1 қаңтардың бастап, ең төменгі зейнетақының мөлшері 23692 теңгені құрады. Базалық зейнеткерлік төлем 11182теңге, күн-көріс деңгейі 21364 теңге,  ең төменгі есептік көрсеткіш 1982 теңгені құрайды.

      Трудовой селолық округінің аумағына екі елді мекен орналасқан. Трудовой селосы және Степной селосы. Аталған елді мекендердің аудан орталығынан ара қашықтығы 110 км және 120 км. Барлық жер көлемі  57,461 га, Трудовой селосынан 2 шақырым Степной селосынан 4 шақырым қашықтықта  Павлодар Қарағанды күре жолы өтеді. Елді мекендер 1933 жылы құрылған.

       Бүгінге дейін біздің округ  халқының саны  1010 адамды құрайды  оның ішінде:

Трудовой селосында 768 адам,

Степной селосында 242 адам.

Осы жылдың 1 қантарға дейін округ аумағында 10 бала дүниеге келді, осы кезең ішінде 9 адам қайтыс болды.

      Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет, елімізде 140 этностармен 17 конфессия тұрып жатыр. 

     Азаматтық   жарасымдылық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Біздің көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілік пен жарасымдылық, мәдениет пен  діндердің диалогы  әлемдік эталон ретінде әділетті түрде танылған. 

       Трудовой селосы округі аумағында барлығы 15 ұлт өкілдері тұрады,  оның ішінде:

қазақтар 61 адам,

орыстар 542 адам,

немістер 129 адам,

украиндер 80 адам,

татарлар 3 адам,

басқалары 195 адам.

         2014 жылы әкім аппаратының жұмысы округтің әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларын орындауға бағытталған болатын. Олардың әрқайсысы бойынша қандай жұмыстар атқарылды.

       Агро азық-түлік бағдарламасы округті тұрақтандыру  және экономикалық өсуіне бағытталған болатын.  Бағдарламаның басты мақсаты округті азық – түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және халықты жұмыспен қамту  болып табылады.

       Біздің округтің ауылшаруашылығы  ЖШС «Еңбек -95», ЖШС «Табыс Агро», ТОО «Сапарбеков»,  28 шаруа қожалығы, оның ішінде егін себетін 14 шаруашылықтан тұрады.

2014жылы  астық дақылдары -1771,9га жерге егіліп жиналды:бидай-16757га, жиналғаны-19972тонна; арпа-842,5га, жиналғаны-557тонна; сұлы-120га, жиналғаны-107 тонна. Ең көп көлемді аумақты 16177га жерді шаруашылық иесі ЖШС «Еңбек-95» алып жатыр. Қорыта келе, округте орта есеппен  егін ору кезінде егін 11,6ц/га болды.

    Картоп көлемі   14 га жерге отырғызылды, жиналғаны-128,5тонна. Көкөністер  20га жерге отырғызылса, жинағаны-128,5 тонна.

Трудовой селолық округте  2015жылы астық дақылдары 18170,5 жер көлеміне егіледі деп жоспарлануда: бидай-16200га, арпа-952га, сұлы-220га.

Ең көп жер көлемін 16200га жерге шаруашылық иесі ЖШС «Еңбек-95» жоспарлап отыр.   

      2014 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша округтегі мал басының саны :

                                            2015 жыл                               2014жыл

МІҚ (мүйізді ірі қара)      1510 басты,                             1346 басты,

ұсақ мал(қой, ешкі)           548 басты,                               704 басты,

жылқылар                         135 басты,                               49 басты,

шошқалар                         1002 басты,                             1025 басты,

құстар                                2687 басты    құрайды.          2336 басты құрайды

       Былтырғы жылға қарағанда ірі қара мал саны, жылқы,құс саны көбейтілуде

        Жануарлардың тектілігін жақсарту асылдандыру мақсатында округ аумағында ірі қара малдарды жасанды ұрықтандыру   бекті жұмыс істейді.

    Ветиринарлық алдын –алу шаралары жоспар бойынша өткізілуде. 2014жылы 2600бас  ірі қара мал «туберкулезге» қарсы егілді; 1000кіші мал, 1700бас ірі қара мал «бруцеллезге» қарсы,  180 бас ірі қара мал; 800 кіші мал басы, 850 шошқа «сібірлік язваға» қарсы , 1000бас мал «эмкараға» қарсы егілді. 550 ірі қара мал,500 кіші мал, 289 шошқа  идентификациядан өтті. 24 бас жылқыға чип салынды. Жұма сайын малды идентификациялау базасы жаңартылып отырады.Ветеринарлық санитар Луценко Ольга Викторовнаның жұмысын атап өтуге болады. Барлық ветеринарлық алдын-алу шаралары уақытылы сапалы жоспар бойынша орындалды.

      4500 тонна құрғақ мал азығы дайындалды. Жоспар 100 пайызға орындалды.

      Әр уақытта сұрыптардың жаңартылуына  және тұқымдарды жақсартуға,  олардың егінге дейінгі  сапасын  сақтауға үлкен көңіл бөлінеді. Басты технология талаптарын сақтау  бойынша жер  өңдеу  мәдениетін көтеру мәселесі ерекше бақылауға алынған:  сүдігер жырту, парларды өңдеу, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, ЖШС «Еңбек -95» шаруашылығының  жақсы техникалық  жарақтануын ерекше атап айтқым келеді, онда жыл сайын машина –такторлық паркі жаңартылып отырады.

      2014жылы ЖШС «Еңбек-95» 54603090 тенгеге техника сатып алды.

        Біздің округте 2014жылы  мал шаруашылығын дамыту екі инвестициялы жоба басталды:

        1. ЖШС «Еңбек-95» өзінің қаражатына 600 бас ірі малға  арналған сүт фермасын салуда.

        2.ЖК«Дадажанов» өз қаражатына 7000 бас шошқаға арнап шаруашылық базасын салуда.  Бұл жобаға 2014жылы 27млн.тенге жұмсалды.   Жаңа жұмыс орындары ашылуда.

      

       Шағын кәсіпкерлік пен экономиканың нақты секторының даму бағдарламасы.

       Шағын кәсіпкерлік субъектілері 11 сауда нүктелерінен және қоғамдық тамақтандыру  орнынан тұрады. Ол 1 тәулікте 1000 бөлке нан пісіреді және нан өнімдерімен 5 елді мекенді қамтамасыз етеді: Трудовое, Степной, Мирное, Сарыөзек селолары және Молодежный кенті.

        Жыл сайын шағын және орта кәсіппен айналысатын адам саны к-беюде. 2014жылы 3 жеке кәсіпкерлер ашылды: ЖК «Шах», «Удача», «Феникс» .

        Бүгінге дейін  шағын бизнес басшыларымен көтерме жабдықтаушылар мен өндірушілердегі  бағаның  өспеуін қадағалай отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдары бөлшек сауда бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу мақсатында мемарандумдар жасалды.

        ЖК  меморандумдар жасалды ЖК 12меморандум 12000 теңге сомасында.

        Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларымен  сауда нүктелері ғимараттарының  қаспетін безендіру бойынша, товарлардың сервисі мен сапасын жақсарту бойынша маңдайшалардағы жазулардың эстетикалық безендіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 

Негізгі бағдарламаның бірі -

Халықты еңбекпен қамту бағдарламасы:

      Экономикалық белсенді халықтың саны - 623 адам,  олардың 448-сі жұмыспен қамтылған, оның ішінде негізінен өз шаруашылығының есебінен күн көретіндер және табысы өздерін қамтамассыз етуге толық жететін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 175 адамды құрайды.

      Экономикалық белсенді емес тұрғындардың барлық саны 387 адам.( мектепке дейінгілер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, мүгедектер, бала күтіміндегі әйелдер, студенттер.)

       Зейнеткерлер саны:139 адам,оның ішінде Трудовое ауылында-114, Степной ауылында-25

       70 жасқа толған  зейнеткерлер саны-74 адам: Трудовое ауылында-58адам, Степной ауылында-16адам.

       Жазғы, күзгі кезеңде барлық халық  жұмыспен  қамтылған. Маусымдық жұмыстарда 40-қа жуық адам жұмыс істеді. Округте еңбек үшін әртүрлі қалыптағы қажетті эконимакалық  кеңістік құрылды. (жалдамалы, кәсіпкерлік, фермерлік, отбасылық)  осыған байланысты халықты жұмыспен қамту бағдарламасы басты мәселенің бірі болып саналады. Сондықтан ауылдық округ аппаратында халықпен мақсатқа бағытталған жұмыс атқарылды. Сол үшін әр адам әлеуметтік қолдау мен еңбекке орналастырудан ұмыт қалмауы үшін барлық жағдай жасалуда. Округте жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар жоқ.

       Трудовом  округінде АСП алатын адамдар жоқ.

       9 бала тұратын 13 отбасы  91,9 теңге  мемлекеттік балалар  жәрдемақысын алады (Доманецкая Т.И., Глумова В.В., Васильева Л.В., Малышевская О.В., Солодовникова О.М., Стасюк Н.П., Ерышева В.А., Коос И.Н., Петриди Л.М.).

       2014 жылы аз қамтылған  отбасылардың саны 3 отбасыны құрады (Крапивина М.А., Гайтерова А.А., Керимов А.А.).

        Жалпы білім беру қаражаты есебінен  мектептің 14 оқушысы тегін тамақтандырылады. (олар көпбалалы отбасылар, жетімдер, аз қамтылған отбасылар)

          2015жылдың  қаңтар айында  Трудовой селолық округте  көп балалы аналар саны-4адам. «Күміс алқа» - 5 адам;  «Алтын алқа» -  4 адам.                    

       Аты,тегі, әкеснің аты

Бала саны

Соның ішінде тірісі

қосымша

1

Григорьева Лилия Рейнгольдовна – 1962 г.р.     

6

6

марапатталмаған.

2

Ящук Светлана Владимировна- 1949 г.р.

6

4

 2 ст № 588315 от 28.10.80 ж. ана медалі

3

Рользинг Екатерина Ивановна

6

6

«Күміс алқа»

4

Вильгельм Ирина Викторовна

6

5

Марапатталғаны туралы құжат жоғалған

5

Крапивина Мария Андреевна

7

6

«Алтын алка»

6

Филиппова Любовь Павловна

6

6

«Күміс алқа»

7

Гофман Социт

6

6

«Күміс алқа»

8

Зиновьева Наталья Гавриловна

7

6

«Күміс алқа»

9

Шпенглер Тамара Эдуардовна

10

9

«Алтын алка»

10

Зуева Галина Николаевна

9

9

«Алтын алка»

11

Задорожная Мария Яковлевна

6

5

«Күміс алқа»

12

Магомадова Рукийдат Саидовна

7

7

«Алтын алка»

      

        Мектептерде «Қамқор» бекеті жұмыс істейді.

         2015 жылдың 1 қаңтар дейін 59 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастар 19 адам (ЖШС «Енбек 95» - 57 адам.,  № 15орта мектеп – 2 адам.).

         Предпринимательская деятельность Трудового сельского округа

 

Субьектінің аты

Объект саны

Жұмыспен қамтылған адам саны

Орта есеппен алынғын айлығы

1

Азық түлік дүкені

10

20

28 000

2

Киім кешек дүкені

1

1

40 000

3

Шаруа қожалықтары

28

59

30 000

4

ЖШС «Енбек 95»

1

77

92 699

5

шаштараз

1

1

20 000

6

схана

1

1

20 000

7

наубайхана

1

4

20 000

 

         Қоғамдық төленетін жұмыстарға 11 адам қатысты, оның ішінде 2 адам жастар.

        Аула саны: 300. Оның  ішінде  Трудовой ауылында-225аула және Степной ауылында -75аула. 

        Округ  аумағында 306 отбасы тұрады, оның  ішінде  Трудовой ауылында – 230 отбасы және Степной ауылында – 76 отбасы. 

Оның ішінде қосалқы шаруашылығын ұстамайтындар 94 отбасы, 2-еуінің қорасы жоқ, 4-еуі ішімдікпен әуестенеді, 22 отбасы қосалқы шаруашылықты қажет етпейтіндер.

       Округ аумағында  28 мүгедек тұрады, оның ішінде:

1-і топтағы мүгедектер 6 адам,

2-ші топтағы мүгедектер 8 адам,

3-і топтағы мүгедектер 7 адам,

бала жасынан мүгедектер 7 адам.

       Әр мүгедектің  жеке баспанасы бар немесе ата – аналарымен бірге тұрады. Мидициналық мекемелерде мүгедектерге алғашқы медициналық тегін  көмек көрсетеді. 1-ші 2-ші топтың мүгедектері   100 пайыз мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.  Кедейшілік шегінен төмен тұратын мүгедектер жоқ.

       Көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедекке жеке көмекші тіркелген Золин И.М. Жалғыз өмір сүретін 5 зейнеткерге 1 әлеуметтік жеке көмекші тіркелген Медведева И.В. Әлеуметтік қызметкер 3 мүгедектің үйіне барып көмек көрсетеді Костырко И.П.

 

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы.

      2020 жұмыспен қамту бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша  Трудовой селолық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

(Кәсіпкерлікті дамыту қоры окционерлік қоғамы арқылы  селолық округтің 4 тұрғынына  кәсіпкерлік негіздері бойынша  тегін оқуға жолдама  берілді, ол адамдар оқуларын бітіріп, сертификаттарын алды: олар Фурцова Ольга Алексеевна, Медведева Ирина Валерьевна, Проженик Галина Владимировна, Кашперко Георгий Петрович.

       Аудан әкімінің грантына жастар ауыл кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мақсатында Кашперко Георгий Петрович көжектерді өсіру үшін 300 мың теңге бөлінді.

       Селодағы кәсіпкерлікті дамыту үшін  шағын несиелерді табыс ету бойынша  Трудовой селосының тұрғындары «Синтек» Банкі арқылы  жалпы сомасы 15000000 теңге несие алды: Петриди М.И., Гельдыева О.А., Луценко О.В. сонымен қатар «Сыбаға» мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша «Сапсан» шаруа қожалығының басшысы Керимов Гулоғлан Авазович мал шаруашылығын дамытуға 9000000 теңге  алды.

 

ТКШ(тұрмыстық-комунальдық шаруашылық)  бағдарламасы:      Селолық округ аумағында әкім аппаратының, 2 мектептің (№ 15 орта мектеп және Степной негізгі орта мектебі) ғимараты орналасқан, 2 ауылдық клуб, 2 медпункт, 1 пошта байланыс бөлімшесі, Степной селосында 1 телефонмен сөйлесу бекеті қызмет етеді. 9 сауда нүктесі, 1 наубайхана, № 15 орта мектепте 1 асхана- буфет, 2 ЖШС «Еңбек -95», «Табыс Агро», ТОО «Сапарбеков»  ірі шаруашылық субъектісі мен 28 шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді. Трудовой селосы су құбырының желісінің жалпы  ұзындығы 14 км құрайды. Су беруге жауапкешілік Митянина Н.А. жүктелген. Су құбыры арқылы суды пайдаланғаны үшін  ай сайын  адам басына  350 теңге, ал колонка арқылы 250 теңге  төленеді. Су зертханалық тексеруден өткСудың сапасы стандартқа сай келеді.

       Электр қуаты тәулік бойы босатылады.

       2014 жылғы  сәуір 1-нен  бастап  мамырдың 30-не дейін елді мекендердің сыртқы келбетін жақсарту үшін, көктемгі  екі айлықты өткізу бойынша  шаралар ұйымдастырылды.  Екі ай бойы округтегі барлық ұйымдар мен мекемелердің қатыстырылуымен сенбіліктер ұйымдастырылды. Жұма сайын  «Таза  бейсенбі»  тазалық күндері  өткізілді. Жаз бойы жол жиектері  арам шөптерден, қоқыстардан тазартылды. Әкімдіктің, 2 мектептің ғимараттарына ішкі және сыртқы  жөндеу жұмыстары жүргізілді,  фелдшерлік пункт ғимараты мен  ауыл клубының ғимараты жөндеуден өтті. Аудандық маслихаттың кезектен  тыс сессиясының шешіміне сәйкес  аудандық бюджеттен селолық округті көркейтуге 100000 теңге бөлінді. Осы қаражатқа әк, сырлар, сыр бояйтын шашақтар, ағаш көшеттері, гүлдердің тұқымдары, құрылыс материалдары сатып алынуда. 

         ҚҰЖ(қоғамдық ұйымдасқан жұмыстарда) 11 адам жұмыс істейді. Олар тікелей округті санитарлық тазалаумен, бағандарды, жол – жиектерді  ағарту және сырлаумен, Трудовой селосынан бастап Павлодар-Қарағанды күре жолына дейін  жусанды отаумен  айналысады.

         Жарияланған екі айлықты өткізу  арқасында  біздің округ  келесі нәтижелерге қол жеткізді.

 

Шаралар

Саны, сомасы.

1.

Тазартылған аумақтың  көлемі (га)

              30

2.

Жеке келісім шарттар жасалды.

              298

3.

 Ш/Қ меморандум  жасалды

18 меморандум 800000 теңге сомасында

4.

Ағаштар қырқылды

 210 дана

5.

Қоқыстар  пен малдың қи шығарылды

1000 тонна

6.

Жалпы отырғызылғаны:

 

 

Ағаштар

Бұталар

100 дана

40 дана

 

7.

Гүлзарларды  жасау

10 дана

 

          2012 жылға елді мекендердің көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша  800000 теңге ақша қаражаты бөлінді және 10 жарық  нүктесі орнатылды. 2014жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 830,00мың тенге бөлінді. 2015жылдың 1қаңтарына 24 шам жарығы орнатылды. Трудовой ауылдық округте 2015жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша шаруашылыққа жатпайтын қоқысты тазартуға 861,00мың тенге бөлінді.

         Бюджеттік ұйымдар жылу беру маусымына 2014 жылдың 15 –ші қазанынан бастап кіріседі. Барлық мекемелер мен ұйымдарға көмір дер кезінде жеткізілді:  әкіматқа – 22 т, ауылдық клубқа– 107 т,№ 15орта мектепке – 357.6 т, Степное ауылының НМ – 26 т,Трудовое ауылының МП – 6 т, Степное ауылың МП – 7 т.

       

         Округ аумағында келесі әлеуметтік бағыттағы обьектілер қызмет істейді: білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау.

Трудовой селолық округі аумағында № 15 орта мектебі мен Степной селосының негізгі мектебі орналасқан, онда 107 оқушы білім алады: Трудовое ауылында – 81оқушы, Степное ауылында – 26 оқушы. Мектептерде 3- пен 5 жас аралығындағы  мектепке дейінгілер үшін шағын орталықтар  ашылған. № 15 орта мектептің  физика кабинетінде жабдықтарымен қоса интерактивті тақта бар. Мектеп кампьютерленген. Кітапхана қоры үнемі жаңа буын оқулықтарымен толықтырылып отырады. Кітап қоры 13000 дананы құрайды.

    Трудовой селолық аумағында 2 клубтық мекеме қызмет көрсетеді.  200 отыратын орын бар. Жұмыстан бос уақытта мәдени ойын – сауық шаралары өткізіледі. Әрбір атаулы мерекелерде концерттер ұйымдастырылады, жұма сайын дискотекалар өткізіледі. Мереке күндері барлық орталық көшелер  тақырыпқа  сай  әртүрлі  жалаулар мен ұрандармен безендіріледі. Өткізіліп жатқан шараларға шаруашылық қожалардың иелері және жеке кәсіпкерлер өз көмектерін көрсетуде.

      Округ аумағында екі медициналық пункт бар. Ғимараттар ыңғайланған. Онда 3 медицина қызметкерлері қызмет етеді. Халыққа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Ересектер мен балаларға профилактикалық екпелер жасайды. Хал үстіндегі адамдарды шұғыл ауруханаларға жеткізіледі. Халықты диспансерлік тексеруден өткізеді және амбулаторлық ем жасайды.         Дәріхана бекеті жұмыс істейді, онда округ тұрғындары қажетті дәрі –дәрмектерді сатып ала алады.

Ауылдық округте аумақтың  №20 пункт полициясының қызметкері1 учаскелік инспектор атқарады. Ауылдық әкіматтың ішінде бір кабинет профилактикалық құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу үшін берілген.Ауылдық округте қылмыстың алдын- алу шараларын жүйелі және жоспарлы түрде заң  түрінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін  жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауылда жүйелі түрде қылмыспен күрес жүргізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін салалық бағдарлама, жемқорлықтың алдын-алу бағдарламалары орындалуда.

Ауылдық жиналыста ауылдың участкерлік инспекторы Пахоль П.И. құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы сұрақтарын қарастырылуда. Құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы сұрақтары туса ауылдық округтің медиаторы Майстрович А.Н. қатысады.

      Трудовой және Степной халқына  қызмет көрсететін  Шаштараз  жұмыс істейді.

      Шешімін табуды қажет ететін мәселелер әлі де көп, 2015 жылғы   1–і  қаңтарға дейін қойылған мәселелер:

1. Павлодар –Қарағанды күре жолынан бастап Трудовой селосына дейінгі 2 км автомобиль жолдарын жөндеу; Бұл мәселе бойынша 24000000 теңгеге жобалық  құрылыс құжаттамасы жасалды және Осакаров ауданының ТКШ жолданды. Қазіргі кезеңде ақша бөлу мәселесі қаралып жатыр.

2. Тудовой селосынан бастап Степной селосына дейінгі жолды жөндеу, осы мәселе бойынша 16000000 теңгеге  жобалық сметалық  құжаттама жасалды.

Степной селосының  бөгетін  көтеру;

3. Степной селосы тұрғындарының су ұңғыларындағы судың  деңгейі төмендеуде. Осы мәселе бойынша ЖСҚ  жасалды.

        «Нұрлы жол!» ел Президентінің  халыққа Жолдауында айтылғандай:

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат- әлемдегі ең дамыған 30 елдің ішіне кіруге біздің үлкен қадамымыз.

Біздің алдымызда үлкен де жауапты жұмыстар күтіп тұр. Кәмелеттікке жетуге алдымызда үлкен емтиханнан өту үшін біз ұйымшылды болуымыз керек. Барлық қазақстандықтар арасындағы сенімділікті артыруымыз керек!  Бұл Қазақстанның болашағының кілті. Ұлтаралық береке-бірлік бұл жандылық ауа. бізге дағдылы дем алғанымызбен бірдей, сонымен өмір сүреміз. Ұлтаралық береке-бірлікті, өз бірлігіміздіөзіміз сатқтауымыз керек. Бейбітшілік пен тұрақтылық-күнделікті еңбекпен қорғайтын  және нығайтатаын  халықаралық құндылық. «Қазақстан тек қана алға!- деген біздің ұстаным» жаңа тарихи өзгерістерде терең мағына мен жаңа үнділікке ие болатынына сенімдімін.

«Нұрлы Жол» бағдарламасына сәйкес бізде сапалы жолдар болатына, шағын және орта бизнестің дамуына, индустриалдық, энергетикалық, әлеуметтік инфраструктуралардың дамуына сенімдемін. Біздің алдымызда нақты міндетер тұр, оларды біздің бизнеспен  бірігіп орындауымыз кажет.

      Бүгінгі жағдайды пайдалана отырып, бізге әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге көмегі мен қолдауын көрсетіп отырған барлық ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына,   жеке кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Отанымыз Қазақстан Республикасының гүлдену жолында  Баршаңызға және сіздердің барлық жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен құт, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

 

 

Трудовой ауыдлық округінің әкімі:                                 А.А. Садыков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 13 Ноября 2015 09:18

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»