В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Ауыл шежіресі

Сарыөзек ауылдық округінің  өмірбаяны

 

            1913 жылдың   20 мамырынан  бастап біздің ауылдың өмірбаяны басталған   еді. Вольск ауылының негізін   революяцияға дейінгі қазақ даласына көптік  қоныс аударған шаруалар  қалаған.

           Болашақ ауылға  Повольжьядан  60 отбасы  көш аударды.  Ол кездері кең байтақ далада орман болмады, үйшіктерді қолмен  жасалған  кірпіштен   салынды. Орман ағаштары қымбат тұратын, сол себептен Р.Ивановка ауылынан саман жаасау үшін сұлы жеткізетін. Ағаштарды  қазақтардан сатып алатын, олар оны Қарқаралыдан әкелетін. Жаз бойы  ауыл салынып,   69 аула  құрылды.

          Күзде алғаш  рет  жерді   аттардың көмегімен  жыртылды.

         1914  жылдың  көктемінде  алғаш  рет егін салынып, жақсы өнім алынды.

          Ауыл маңындағы үлкен сай болатын,  келе  -  келе   ол «Баймұрза»  деген өзен өзекшеге айналды. Созылы көктемде су мол болып, артық  су топырақ  көмбесінің көмегімен тоқталып, қалдықтары ағып тұрды.

          Ауыз суды ауылдың шетіндегі бұлақтан алып отырды, ал шаруашылыққа қажетті суды тоғанан алынды. Сонымен қатар тоғанның маңында алғашқы ауыл тұрғындары ағаш отырғызды. Тоғаң өте терең болып, оның жан - жағы жасыл  желек   болатын. 1930 жылы сол тоғаннан  өту үшін ағаш көпір салынып, ол 1960 жылға дейін пайдаланды.

         Ауылдың аты Вольское болған, себебі алғашқы  қоныс аударған ауыл тұрғындары Волга бойындағы Вольск деген қаласынан еді. 1913 жылдың 15 қарашаға   дейін ауыл  қоныс аударушылар бөлімшесі Құрайлы деп аталған.

         Ең алғаш ауыл тұрғындары: Гиндер Адам, Дайберт А., Функ Х., Сауэрвейн, Франк Густав, Франк Калина, Шимпф Н., Франк Андрей Андреевич, Саммер Карл Богданович, Визнер Карл Иванович.

       1914 жылы  1 тамызда Германия Ресейге соғыс жариялады. Көптеген шаруалар,  оның ішінде Вольск селосының шаруалары да  армия қатарына шақырылды. Оның біраздары ауылға оралмады, кейбіреулері тұтқында болып, 1917 жылы  революция қозғалысына  қатысты.

         Өзін  өзі басқару державиясы құлаған деген хабар телеграф 1918 жылы 5 мамырда Акмолаға    жеткізілген. 1917 жылдың 27 желтоқсанында Ақмола  большевиктері билікті   уақытша үкімет өкілдеріне беруді талап етті, сонымен қатар уезд тұрғындарын барлық жерлерде Кеңес құруды шақырды.

         1918 жылдың 28 ақпанда Ақмолада  уездік жұмысшылар съезді болды, онда халық кеңесінің комиссарларының  билігі мойындалды, 8 сағаттық жұмыс уақытты енгізілді. Кеңес үкіметінің билігі  уезд территориясында 1918 жылдың 3 шілдесіне дейін болды. Араңдату   көтерілісінен кейін  төңкеріліс жаңашырларының жартысы түрмеге қамалып, қалғандары белгісіз  жерге жасырылды. Волостерді босату 1919 жылдан бастап,  ал желтоқсанда Қызыл Армия  уезді  ақгвардейцтерден толығымен тазартты.

          1919 жылы село арқылы Колчак әскерлері өтті. Олар бейбіт тұрғындарға қайғы қасірет әкелді. Тоңаушылық, әйелдер мен балаларға қиянат көрсетті, бейбіт тұрғындарды өлтірді. Тек Қызыл Армияның жақындап қалғаның есітігеннен кейін Колчак әскерлері ауылдан бір жола кеткен еді.

        1919 жылдың 7 желтоқсанында жалпы жиынға Вольское ауылының 50 шаруашылары  келді. Онда нұсқаушы Бондаренконың ағымдағы жұмыстар туралы тыңдалып, талқыланды.  Халық келесідей  қаулы  шығарды: «Кеңес Үкіметінің билігі мойындалсын және орталық биліктің барлық өкімдері орындалатын болсын. Ревкомның  төрағасы болып Д.Беккер  таңдалсын, ал оның орынбасары  Е.Визнер  болсын».  1920 жылдың 20 мамырында ауылревкомының төрағасының міндетін Егор Егорович Визщнер 1884 ж.т атқарды, ол германия тұтқынынан жуық арада келген болатын. Оның орынбасарының қызметін Г.Райх атқарды.  Ревком Астаховский волостін ревкомына бағынатын, ол  1919 жылы 28 желтоқсанда құрылған. Оның құрмында  Плотников Исидора, Матвиенко Иван, Бондаренко Борис болды. Кейін оларды Устименко Д.С, Костов И.М, Визнер А.Г., ауыстырды.

             1920 жылғы өткізілген бүкіл халық санағы  ең жоғары халық  санын көрсетті. Вольское ауылында  411 адамдар тұрды.

            Ең ауыр болып халықтың  естінде  қалған 1921 жыл еді. Ишим  қарақшыларының  шабуы  Осакаров  даласында  азаматтық соғыстың соңғы  дауысы   еді,  мәнсіз қатыгездік  қарақшылардың көзін  құртуға әкеліп соқты. Балқаш даласында оларды семей чекістері кезектіріп  көздерін   жойды.   Қарағанды облысында қарақшылардың қолынан 100 жуық адам қаза болды.

             Сол кездердегі   статистика халяқ санын төмендеуін көрсетті.  1921 жылдың шілде айында Вольское ауылында   344 адам, 50 үйлер, 50 оқушысы бар  мектеп  қалған.

             1922 жылдың қыркүйек  айындағы есеп  бойынша  Вольское ауылының төрағасы  47 жастағы  Штайнпрайс Карл Яковлевич болған.

            1924 жылы бұрынғы  ауылдарды аудандыру  жойылып, кейін үлкен Өндірістік бөлімдер  және ауылдық кеңестер құрылып, оған бүкіл Қарағанды облысының ауылдары кірді. Русская Ивановка және Вольское ауылдары Покорный  ауылдық кеңесіне қарады.

            1929 жылы колхоз  құрылып, оның аты Карла Либкнехта деп аталды. Бүкіл ауыл тұрғындары колхоз құрамына кірді. Колхоз шаруашылығ шаруашылардың шаруашылығының арқасында көбейді. Колхозға кірген  әрбір тұғын өзімен бірге бірдене ала келетін. Алғашқыда колхоз шаруашылығында: 7 ат қоқаласы, 105 жылқы, 120 сиыр, егін көлемі 850 га болған.

            Алғашқы  колхоз төрағасы  Миллер К.Г. болған, ал ауыл кеңесінің төрағасы Визенр Н.Е. болған. Кейін Миллер К.Г. ауыл кеңесінің төрағасы болып, ал колхоздың  төрағасы Соммер К.К. болды. Кейін Соммерді ауданиспокомының төрағасына тағайындады, колхоз төрағасы Франк Г.А. болды.

            Колхоздың әлеуметтік жағдайы тұрғындардың еңбегінің арқасында жылдан жылға көтерілді.  Әр жыл сайын жоспар орындалды. Жас колхозшылар ауылдың көркейуіне қатты көңіл бөлген, олар алғашқы  үйлерді  салды. Олар: Рейх Эдуард, Франк Яков Андреевич, Франк А.А.

          1928 жылы Волскелік шағын мектеп ұйымдастырылды. Оған бұрынғы шіркеу ғимаратының үйі берілді. Алғашқы мұғалімдер Грисман және Эленбергер А.Д. болған еді.

         Кейін алғашқы мектеп салынып, ол мектеп Шимпф Б.Б. үйінде болған. Кейін кітапхана және клуб ашылды.  Қарама қарсы үйде де мектеп болатын, оның бір жақ қабырғасында мұғалімдер тұрса, ал екінші  жағында оқушылар оқитын. Сол кезеңде үлкен су беретін трубаның  құрылысы басталды. Ол 10 жылға созылды. 1940-1950ж. оның биіктігі 52м болды.

          1932 жылы темір жол салынды.

          1931 жылы ауылға қазақтар көшіп келді, олардың саны  33 аайызды құрады.

          1940 жылы  колхоздық  ұн диірмені салынды.

          1941 жыл колхозда 800 бас ірі қара мал, 3000 бас қой, 350 жылқы, егістік жер 2 есе ұлғайды.

          1933 жылы  колхозға  4 трактор, 1 комбайн болды, ал 1935 жылы 2ЧТЗ тракторы, бір жылдан кейін автокөлік берілді.

          Алғашқы сауыншылар 11 адам болды: ферма меңгерушісі Франк А.А., Визнер Мария Мартыновна, Франк Дора, Сауэрвейн Екатерина, Рау Мария, Шимпф Екатерина, Франк Екатерина, Дайберт Екатерина, Шнайдер Эмма.  Олардың міндеттеріне: сиыр сауу, тамақтандыру, жинау, сепаратор тарту, май былғау, ірімшік жасау кіретін.

           Колхозда үш  толеводтық бригадалар болды. Әр бригадада 25 еркек, йәелдер және жасөспірімдер болды.

           Колхоздың алғашқы ұйымдастырушылар: Миллер Карл Богданович, Визнер Карл Иванович, Франк Андрей Андреевич болатын.

          1951 жылы «Карл Либкнехта»  колхозына  «Красный пахарь» колхозы қосылды.

            1961 жылы «Карл Либкнехта» және «Победа» колхоздары таралып, оның орнына «Коммунар» совхозы  құрылды.

           Совхоз  директоры Осинин  Мартемьян Ивановичтің естеліктерінен: «Совхоз наурыз айында үш колхоздың  қармағынан «Коммунар», «Красный пахарь», «Победа» құрылды. Жер көлемі 74 мың га еді. Оның ішінде егістік  көлемі  36 мың га еді. Ірі қара мал басы 1915 бас болды. 1961 жылы астық өндіру 1981 тн жетті. Орташа өнім әрбір гектардан 5,4 ц  құрады, 1338 тн  сүт  өндірілді. Колхоз пайдасы  4581 мың руб. құрады.»

           Коммунар совхозының құрылған кезінде  құралыс көлемі ұлғайды. Орталық кеңсе, 1978ж. мектеп, дүкен, көптеген  үйлер салынды.

          Совхоз  көптеген  ауылшаруашылық  техникасын  алды.

          1973 жылы  «Коммунар» совхозы  қайта құрылған Молодежный ауданына қарады, бұрын  Осакаров ауданын қарасты еді.

         Соңғы жылдары шаруашылыққа  көптеген жоғары және арнайы орта білімі бар мамандар  келді.

        Совхоз өсітті және байыды.

         Ол төрті рет миллионер болды. Алғашқы табысқа  1972 жылы  жетті.  Онжылдықтың төрт жылда үш рет  жоғары көрсеткіштерге жетіп, мемлекетке миллион пұт астық тапсырды, ал 1979 жылы жарты миллионға жуық пұт астық тапсырды, орташа өнім әр гектрадан 24,5 ц. болды.

         1977 жылы мерейтойда еңбек озаттары өте жақсы еңбек етіп, шаруашылық жоспарды орындады.

          Берг Мария Карловна  2631 л  сүт сауып, жоспардан 2300л  асты. Берг  Э.А.  , Визнер Э.Т. және көптеген сауыншылар үлкен табысқа жетті.Олардың көбісі   марапатталған.

         Жылдан жылға механизаторлар: Бауэр Э.И., Штейнепрейс В.Я.,  Мельман Э., олар жастарға білетіндерін үйретіп отырды.

        1977 жылдың   егін оруда механизатор Бауэр Э.И. өте жақсы көрсеткішке жетті. Ол 500 га жерді жыртып, 250тн астық алды.  Ол  77 жылғы астық оруда  1 орын алды.

        Армия қатарынан  комсомолец  Шмик  Александр совхозға оралды. Егін орағында 77 ж. 500 га егін орып,  240 тн астық  орылып, 2 орын алды.

         1979 жылы   Шмик Александр   «егін орағы - 79»  жеңімпаз аталды, ол 1300 тн астық өндірілді.  КПСС мүшелігіне қабылданды.

         Сонымен қатар автомашина   жүргізушілері  Шифман В.Ф., Грефенштейн я.К., Дайберт И.А.  жақсы еңбектенді.

         Құрылысшы  Фрицлер А. өз жоспарын 180 пайызға орындаса, темір  өндеуші  Визнер В.Г. жоспарды   200   пайызға  орындады.

        Онжылдық 5 жылдықтың  төрт жылдығында мемлекетке 3,5 миллион пұт астық,  14,4 мың тн сүт, 6350 ц ет тапсырылды.

        1979 жылы   ең үлкен егін бітік болды, әр гектардан 24,5 ц алынды, осыған байланысты Отан қақбасына 24 мың тн бидай құйылды. Ең үздік көрсеткіш  малшылар мемлекетке 3910 тн сүт тапсырды.

        Осы жылы коммунарлықтар жоғары  еңбектері үшін совхоз коллективі көшпелі КПСС, СССР Министрлігінің кеңесі ВЦСПС және ЦК ВЛСМ Қызыл жалауымен марапаталған.

        


Дата редактирования: 05 Июля 2019 11:32

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»