В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Абаттандыру

Сарыөзек ауылдық округі елді мекенінде санитарлық тазалау және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

 

 

Сарыөзек ауылдық округі аумағында төрт елді мекен орналасқан:

Сарыөзек, Шоқай ауылы, Шоқай станциясы, Русская Ивановка ауылы барлығы - 396 үй, 1439 адамды құрайды.

Сонымен қатар округ көлемінде әкімшілік, екі негізгі мектеп, бір орта мектеп, «Жұлдыз» балабақшасы, дәрігерлік амбулатория, жеті жеке меншік дүкендер орналасқан.

Бұл негізгі жұмыс жоспары бойынша орталықтағы Школьная көшенің тұрғындарының күшімен көше бойындағы шарбақтар тәртіпке келтіріледі, тазаланады, осы көшедегі 19 үйдің заборлары, 13 үйдің фронтоны боялады, 12 үй ақталады, 15 түп ағаш отырғызылады. Көше бойында орналасқан үйлерге көше атауы жазылған тақташылар орнату жоспарлануда.

Сарыөзек ауылдық округі бойынша іс шаралар жоспары жасалған және осы іс шараларды ұйымдастыру, орындау мақсатында арнайы штаб құрылған.

Елді мекендерді абаттандыру мақсатына бөлінген 85 мың теңгеге 220 кг бояу, 170 кг әк сатып алу жоспарлануда.

Үйдің аумағындағын санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша жеке меншік үйлердің иелерімен 570 келісім шарт және жеке кәсіпкерлермен жеті шарт жасалды. Көшелердің санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында әр көшеге мемлекеттік қызметкерлер бекітілді.

15 сәуір, 13 мамыр айларында өткізілген облыстық сенбілікке мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер қатысты. Өткізілген сенбіліктің қорытындысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөліміне уақытында тапсырылды.

Халықты ынталандыру мақсатында «Ең үлгілі аула» сайысы жарияланды. Қорытындысын күзде арнаулы құрылған штаб шығарады.

Негізгі ауылдық округ бойынша: жоспар бойынша 340 үй фронтондарын бояу белгіленді, оның ішінде 42 данасы боялды. Темір қоршауларды бояу: жоспар - 500 м, орындалғаны - 200 м. Қоршауларды әктеу: жоспар - 115м, орындалғаны - 100 м. Бағандарды әктеу: жоспар - 70 дана, орындалғаны - 20 дана. Ағаштарды ақтау: жоспар - 100 дана, орындалғаны - 50 дана. Жас талдарды отырғызу: жоспар - 110 дана, орындалғаны 62 ағаш және отырғызылды.

Сарыөзек ауылдық округі елді мекенде санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру шараларын жүргізу кешенді түрде жалғыстыра беретін боламыз.


Дата редактирования: 05 Июля 2019 11:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»