В Осакаровке:  -1°C , Влажность 79%, Давление 718, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Ертіс ауылдық округінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Ертіс ауылдық округінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2015 жылғы қызметі туралы есеп

 

 

1  Жалпы ережелер

 

Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге ашық және баршаға тең қолжетімділік мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімі аппараты  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты  мемлекеттік қызмет көрсетулердің 4 түрін көрсетеді:

- Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өкім беру

-  Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"

2015 есеп жылы 7  қызмет көрсетілген, соның ішінде ХҚКО арқылы көрсетілген -жоқ, «Электронды үкімет» порталы арқылы - жоқ. Барынша сұранысқа ие қызмет түрі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 7 қызмет.

Қызмет көрсетулер:

1.     «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»,

2.      «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»,

3.     «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - тегін негізде.

4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - ақылы негізде. 

 

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін аулдық округінің  әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетулер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтанған жайларда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттеріне тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аулдық округінің  әкім аппаратында ресми интернет-ресурсында  www.osak-akimat.gov.kz  тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), оны алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жұмысы туралы есептер орналастырылған. 

         Сонымен қатар қызмет алушылардың алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіледі. 2015 жылда мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарты жайлы мекемелер мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 1 іс-шара өткізілді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Ертіс ауылдық округі әкіміннің аппаратымен  ескертпе жасалды.

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға мемлекеттік қызметкерлер жіберілген жоқ.

 

4.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2015 жылдың 25 мамыр айында «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» бойынша «2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер жұмысының тиімділігін бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша біріңғай есепке алуды сапасыз тіркеу деректерін анықтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтерді жасақтау мақсатында округ әкімі аппаратында  ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Есепті кезенде мерзімдін олқылық  жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жасау болған жоқ.

 

 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

 Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

                

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет алушылардың арыздары туралы ақпарат

Арызданушы туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Арызды қарау нәтижесі бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 


Дата редактирования: 25 Марта 2016 18:35

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»