В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жергілікті атқарушы органдар жұмысының 2017 жылыдың І жарты жылдық ЕСЕБІ

1. Жалпы ережелер

2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген мемлекеттік қызмет Реестріне сәйкес «Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетті, ал 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетті. Есепті 2017 жылдың І жарты жылдығында Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде бәрі мемлекетік органда қағаз түрінде көрсетілді. Ең көп алынатын мемлекеттік қызмет «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» бойынша - 6 қызмет көрсетілді, ал «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0.

2. Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында халыққа мемлекеттік қызметті алуға ыңғайлы болу үшін, мемлекеттік қызмет кеңсе техникасымен және ақпараттық стендпен жабдықталған, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған.

Ауданның мемлекеттік органдарында және аудандық әкімдіктің ресми ғаламтор-қорында халыққа мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерінің қол жетімдігін қамтамасыз ету үшін тиісті нормативті-құқықтық актілер орналастырылған (стандарттар, регламентер),мемлекеттік қызметтің төлқұжаты, қызмет көрсету тәртібі туралы анықтама, шағым беру туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есептер.

Тиісті бөлімде бар, ақпаратты жандандыру бойынша жұмыс ұдайы негізде жүргізіледі. Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша жұмысты жақсарту мақсатында аппарат жиындарында, ауылдық округ әкімімен қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарының негізгі жалпы ережелерін түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу оқиғасына жол бермеу, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту ескертілді. 2015 жылы Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратымен 2 семинар-жиын өткізілді. Бекітілген ережелерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер аудан әкімдігінің www.osak-akimat.gov.kz ғаламтор қорында орналастырылған.

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету барысын жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету барысының автоматтандырылуына және олардың электронды түрде көрсетілуінің сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлінеді. Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратымен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша жадынама әзірленді. 2017 жылыдың І жарты жылдығында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті көтеруге жіберілген мамандар болған жоқ.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты бойынша 2017 жылдың 6 маусымындағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де қызметтің тиімділік бағасы қорытындысы бойынша берілген, ұсыныстарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемеде ай сайын ішкі бақылау жүргізіледі. Осы жүйені енгізудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау нәтижесінің мониторингі болып табылады. Ағымдағы жылдың ішінде ішкі бақылау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету журналдарын толтыру бойынша 4 ұсыныс берілді, ақпараттық жүйелерде үнемі жұмыс жүргізу, сонымен қатар қызмет көрсету мерзімін бұзуды болдырмау ұсынылды. Осы ұсыныстар бойынша мемлекеттік мекемеде профилактикалық шаралар қабылданды. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану және мерзімін бұзу оқиғалары болған жоқ.

5.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағатын көтеру және алдағы болашақта тиімділігі

Жеке және заңды тұлғаларды қолайлы және сапалы, сонымен қатар электронды үлгіде мемлекеттік қызметпен мұнан былай қамтамасыз ету мақсатпен, бұқаралық ақпарат құралдарында «Электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы халыққа түсіндіру жұмысын жалғастыру 2017 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын көтеру бойынша мұнан былай жұмыс жалғасады. Сонымен бірге элктронды цифрлі қолды жаппай таратуды қамтамасыз ету және «Электронды үкімет» бастамасын түсіндіріп жаюға үлкен назар салып көңіл бөлінеді. Осыған орай, мемлекеттік мекемемен (ведомстволық бағынышты ұйым) көрсетілетін, мемлекеттік қызмет пайдаланушылар үлесін «Электронды үкімет» порталы арқылы көбейту арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қағаз құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік туады және тиісті шешімді орындау мен қабылдауды тездетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттанушылығын және тиімділігін мұнан былай көтеру масатында, жергілікті атқарушы органның алдында келесі міндеттер қойылған:

- мемлекеттік қызмет стандарттарымен қарастырылмаған құжаттарды қызмет алушыдан өтініш алған кезде талап етпеу;

- мемлекеттік қызметтегі өтінішті уақтылы тіркеу;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қажетті жағдай жасалды (пандус және шақыру түтікшесі);

- мемлекетік қызмет регламенттері мен стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушылардың ақпаратылығы бойынша ұдайы негізде жұмыс жасау;

- халыққа қызмет көрсететін мамандардың этикалық ережелерін орындауды ұйымдастыру;

 

Шағым данушы өтінішкер туралы мәлімет Шағымның мәні Шешім қабылдаған және (немесе) шағымды қарастырған (мекеме) орган 


Дата редактирования: 25 Июля 2017 18:00

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»