В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM Хабарламасы 18.11.2016ж.

Төменгі лауазымдар болып табылатын

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының

бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

«Осакаров ауданы әкімінің  аппараты» MM

Хабарламасы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-4 санаты үшін:Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

E-R-4 санаты үшін:Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
           E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

        Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы                   29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде                2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Е-4

       77 452

104 935

E-R-4

73288

99106

E-G-4

62462

84115

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к., 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс:  8(72149) 43030, электрондық пошта: osak_kense2011@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 2-1-1,  Е-4 санаты, 2019 жылғы 30 сәуіріне дейіннегізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: Ортақ тәртіптік жаза комиссиясының, ортақ аттестаттау комиссиясының, еңбек өтілін есептеу комиссясының хатшысы бола отырып, тәртіптік жаза комиссиясына, ортақ аттестаттау комиссиясына, еңбек өтілін есептеу комиссиясына аудан әкімі аппаратының, кенттер және селолық округтер әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады; аудан әкімі аппаратының, кенттер және селолық округтер әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен арнайы тексерістен өткізуге құжаттар рәсімдейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі - “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша;   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

2. «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы ( 1 бірлік,E-R-4санаты, № 1-2).

Функционалдық міндеттері:Мектепішілік бақылаудың жүзеге асыру, мектеп әкімшілігінің мектеп құжаттамасын жүргізу, мемлекеттік міндетті білім беру стандартын және оқу тәртібі бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындалу, базистік оқу жоспарына оқу жұмыс жоспарларын сәйкестендіру, оқу-тәрбие үрдісінің компьютеризацияландыру, бастауыш кәсіби білімді ұйымдастыру және жалпы орта білім беру қызметінің жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі –«білім»мамандықтары бойынша;   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

  3. «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (№ 1-3, 1 бірлік, E-R-4санаты, 2019 жылғы 08 тамызына дейіннегізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері:Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және тіркеуге алу, оларды орналастыру, ата-аналық құқығына шектеу қою немесе ата-аналық құқығынан босату, қамқорлық пен қорғаншылық Кеңесінің хатшысы ретінде іс жүргізу, кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделеріне байланысты істерді қарастыру бойынша сотқа қатысу жұмыстарын ұйымдастырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі –«білім»мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

4. «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік,E-R-4санаты, № 2-5).

Функционалдық міндеттері:Спорт түрлері бойынша аудандық спорттық сайыстарын өткізу. Спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық жарыстарда қатысуын қамтамасыз ету. Аудан территориясында спорттың ұлттық түрлері мен бұқаралық спорттың дамуын қамтамасыз ету. Аудан территориясында аудандық шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аймақтың біріңғай спорттық-бұқаралық шаралар күнтізбесін жүзеге асыру. Аудан территориясында спорттық шараларды өткізу мен ұйымдастыруын үйлестіріп басқару.  Аймақтық және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен құрама командаларының аудандық тізімін құрып бекіту. Спорттық ұйымдарға кеңестік және әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі ––«білім»мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындық);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

5. «Осакаров ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-R-4 санаты, № 1-3).

Функционалдық міндеттері: Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялықіс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз етеді, аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады, уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады, ветеринариялықесепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады, облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы жәнежұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстарды енгізу бойынша дайындық.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –«ветеринария» мамандықтары бойынша; «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

    6. «Осакаров ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-R-4 санаты, № 1-5).

  Функционалдық міндеттері:Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады және дамытады, ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жануарлар жағдайды зерттейді, аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шараларың орындалуын қамтамасыз етеді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді, қоғамдық мүлікті пайдалану және сақтау бақылауды қамтамасыз етеді.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету.

 

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       Білімі –«ветеринария» мамандықтары бойынша; «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

7.«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы – заңгері  (1 бірлік, Е-R-4 санаты, № 1-4).

Функционалдық міндеттері:Облыстық және аудандық әкімдігінің қаулыларын, тұрғын үй  коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы саласындағы ҚР Заңнамасын жүзеге асыруды бақылау.  Өтініштер бойынша ай сайын есеп беру және өтініштерді уақытында «Айқын» (АИС, ЕУОЛ) бағдарламасына енгізу. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттар пакетін ұйымдастыру және дайындау. Конкурстың қорытындысын веб-порталға жариялау.  Бірыңғай тұрғын үй саясатын енгізу, жергілікті атқарушы органдар жалдаған жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою,  жергілікті атқарушы органдар жалдаған жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беруді ұйымдастыру, тұрғын үй комиссиясының хатшысы болу. Бөлім қызметіне байланысты ережелер мен қаулыларды, Қазақстан Республикасының заңдарының жобасын талқылауды ұйымдастыру, бөлім қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлім бұйрықтарын, құжаттарын тексеруге, нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыстарды жетілдіруге күнделікті тәжірибелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану);Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы  (1 бірлік, Е-R-4 санаты № 1-2).

Функционалдық міндеттері:Ішкі саясат саласынақатысты сұрақтар бойынша консультациялық - әдістемелік көмек көрсету. Ішкі саясат бойынша ақпараттық - насихаттауды қамтамасыз ету, ауданның ақпараттық - насихаттау топтарының қызметтерін үйлестіру. Жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен қарым-қатынас жасау. Аудан әкімі жанындағы жастар істері бойынша Кеңестің жұмысына қатысу. Мемлекеттік басылымдарға жазылу компаниясын ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша мониторинг жүргізу және талдау материалдарын дайындау. Гендерлік саясат бойынша, отбасы және әйелдер істері жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Іс-қағаздарын жүргізу, кіріс және шығыс корреспонденцияларын тіркеу, істер номенклатурасына сәйкес істерді құру.Мемлекеттік сатып алулар жоспарындайындау, конкурс құжаттарынәзірлеу, конкурстың өтуін ұйымдастыру, шарттар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –«әлеуметтік ғылымдар»мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану, дінтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойыншабойынша (тарих); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9. Николаевка а/о әкімі аппаратыныңжетекшімаманы (1 бірлік, № 1-13-3,  Е-G-4 санаты). 

Функционалдық міндеттері:ҚР Президентінің актілерін, Үкімет актілерін, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, кеңсе ісін жүргізу нұсқауына сәйкес және Президент пен Үкімет заң шығару актілеріне сәйкес жұмыс тәртібімен  қамтамасыз ету, іс жүргізу бойынша нұсқау, келіп түскен құжаттарды есепке алуды жүзеге асыру, іскерлік  құжаттардың орындалуын бақылау, азаматтардың өтініштерін, ААЖ  АБАЕ  нұсқасы бойынша есеп құру, түрлі құжаттарды куәландырып, рәсімдейтін жұмыстарды жүргізу мен ҚР заңдарында көрсетілген тәртіп бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –«құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша;«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

10.Осакаровка кенті (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-14-1), Тельман с/о

(1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-14-12) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:Әкімінің қатысуымен  өткізетін жиылыстарға, кеңесіне әкімнің есебін және  тұрғындардың жиылысына ақпарат дайындайды, мемлекеттік тілде іс жүргізеді, электрқуатын, су пайдалануға қаражат жинауды бақылау, жастармен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, тұрғындарға АӘК жәрдемақыны алуға құжаттар дайындайды. Жер қатынастары бойынша сұрақтармен айналысады, баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –«әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша;«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

11.Родниковский а/о (1 бірлік, № 1-15-6,  Е-G-4 санаты), Пионерский а/о (1 бірлік, № 1-15-10,  Е-G-4 санаты), Иртыш а/о (1 бірлік, № 1-15-14, Е-G-4 санаты)әкімдері аппараттарыныңжетекші мамандары.       

Функционалдық міндеттері:Бюджет жобасын, жылдық, айлық, тоқсандық және жылдық баланс, есептер, бас кітапты жүргізу, нақты шығыс және кассалық тарату  шығыс сметасын дайындау. Специфика бойынша ақша қаражатын, банк операциясын, зейнеткерлік төлем бойынша, жүйе бойынша есепті, шектелімдерді, автотранспорт жұмысын бөлу, негізгі қаражаттың қозғалысы туралы және материалды емес активті, күрделі құрылыс инвестициясын игеру есебі. Қызметтердің  еңбекақылық төлемдері төлеу, кассалық кітапты жүргізу. Салық төлеу және әлеуметтік бойынша есептерді жасау.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

12.Садовый а/о (1 бірлік, № 1-18-3,  Е-G-4 санаты),Тельман а/о (1 бірлік, № 1-18-9,  Е-G-4 санаты)әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:Жергілікті салық жинау және басқа да бюджет төлемдерін бақылауын жүзеге асыру.  Шағын несие беру бағдарламаларына қатысу үшін төмен деңгейлі тұлғаларды анықтау.Елді мекендерде ауылшаруашылық малдарға жайылым жерлерді анықтау, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу. Мемлекет қажетілігі үшін жерді мәжбірлеп алуда аудан әкімдігіне ұсыныстар беру, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарды өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеуде іс-шаралар ұйымдастыру.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –«білім» мамандықтары бойынша немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»Заңын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн  бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Осакаров ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 02 Августа 2018 12:18

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»