В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

         Е-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

         Е-R-4 санаты     үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

Е-4

77 452

104 935

Е-R-4

73 288

99 106

       

    «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к., 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс:  8(72149) 43030, электрондық пошта: adm72149@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4 санаты, №7-1-1).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің уәкілеттілігіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің және басқа мемлекеттік органдарға ақпараттар, материалдар дайындайды. Бөлімнің уәкілеттілігіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің  жобасын, аудан әкімдігінің қаулыларының жобасын және басқа да қызметтік құжаттарды дайындайды.

Қазапқстан Республикасының «Медиация туралы» заңын жүзеге асыру бойынша кент және селолық округ әкімдерімен жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген тәртіпке сәйкес соттық, құқыққорғау және басқа органдарда аудан әкімінің және әкімдігінің мүддесін қорғайдыү. Егерде елді мекендерде нотариус болмаған жағдайда, кент және селолық округ әкім аппараттарының лауазымды тұлғаларының нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелрі бойынша  әділет органымен бірлесе отырып жұмыстар атқарады

Әкімдіктің және аудан әкімінің нормативтік құқытық актілерін дайындайды және олардың әділет органдарды тіркеуден өткізуді, есептерді тапсыруды,нормативтік құқытық актілерді  мониторингтеу, тіркеуді жүргізуді және олардың уақытылы жариялануын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы наркобизнеспен және нашақорлықпен күрес, құқықбұзушылықпен қылмыспен күрес іс шараларына бьағытталған жоспарларды жүзеге асыру бойынша жауапты болып табылады.

Адам саудасына байланысты қылмыспен күрес және оның алдын-алу жөніндегі ведомствааралық Комиссия отырысының, нашақорлық және наркобизнеске қарсы күреске бағытталған үйлестіру жөніндегі Ведовмствааралық штабтың, құқытық білім және құқықты насихаттау жөніндегі Үйлестіру Кеңестің қылмыстық жауапкершіліктерді орындау бойынша кеңестік-мәжілістік органдардың жұмыстарын үйестіру бойынша отырыстардың жұмыстарын ұйымдастырады.

Құқықтық жалпы оқытуды өткізу үшін жауапты болып табылады. Құқықтық қызметтер көрсету орындары жоқ кент және селолық округ және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» (юриспруденция) мамандығы бойынша жоғарғы, «құқық» (юриспруденция) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі еңбек өтілі болған жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №2-5).

Функционалдық міндеттері: Спорт түрлері бойынша аудандық спорттық сайыстарын өткізу. Спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық жарыстарда қатысуын қамтамасыз ету. Аудан территориясында спорттың ұлттық түрлері мен бұқаралық спорттың дамуын қамтамасыз ету. Аудан территориясында аудандық шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аймақтық біріңғай спорттық-бұқаралық шаралар күтізбесін жүзеге асыру. Аудан территориясында спорттық шараларды өткізу мен ұйымдастыруын үйлестіріп басқару. Аймақтық және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен құрама командаларының аудандық тізімін құрып бекіту. Спорттық ұйымдарға кеңестік және әдістемелік көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Осакаров ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №1-2).     

Функционалдық міндеттері: мектепшілік бақылаудың жүзеге асыру, мектеп әкімшілігінің мектеп құжаттамасын жүргізу, мемлекеттік міндетті білім беру стандартын және оқу тәртібі бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындалу, базистік оқу жоспарына оқу жұмыс жоспарларын сәйкестендіру, оқу-тәрбие үрдісінің компьютеризацияландыру, бастауыш кәсіби білімді ұйымдастыру және жалпы білім беру қызметінің жүзеге асырылуына бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «білім» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Дата редактирования: 29 Ноября 2017 12:14

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»