В Осакаровке:  0°C , Влажность 55%, Давление 716, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

         Е-R-4 санаты     үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

Е-R-4

73 288

99 106

       

    «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к., 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс:  8(72149) 43030, электрондық пошта: adm72149@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №1-6).

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығың дамыту мен тұрақтандыру бойынша, ауыл өндірісінде жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру бойынша аудандық бағдарламаларды өндеу. Ауыл шаруашылық құрылымдарының қаржылық жағдайларына талдау жасау. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша аудандық бағдарламаларының орындалуына үлес қосу. Ауыл шаруашылық құрылымдарын нығайту, Сервистік дайындау орталықтарын, АТП құру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Экономика сұрақтары бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау. Барлық мүдделі тұлғаларға экономикалық реформа саласындағы нормативті-құқықтық актілердін құрылы мен мәнін түсіндіру.

Болжау, жұмысты жоспарлау қабілеті, ақпараттық-аналитикалық жұмыстардын тәсілдеу мен формаларын білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

        1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

      «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,

ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды

қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру

ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру

саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды

нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

     «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi

туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік

қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық

стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса

беріледі.

        Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану

аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру

саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану

туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

        4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

        5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып

тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта

берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат

(немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда

жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе

қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304

тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304

тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға

дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

        Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

         Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың

көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

        Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап

7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

      Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не

хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

       Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

                                                                                                                  Нысан

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 13 Июня 2018 09:07

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»