В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ГлавнаяКадрлық қамтамасыздандыру 2018 жылғы Төменгі лауазым болып табылмайтын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарландыру 2018 жылғы 02 сәуір төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

2018 жылғы 02 сәуір төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

 

Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін:   жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.      

   

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)   

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

E-G-3

69957

94109

Е-G-4

62462

84115

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка к., Достық к., 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс:  8(72149) 43030, электрондық пошта: adm72149@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 1-5-6).

         Функционалдық міндеттері: Әкімнің қатысуымен өтетін  кеңестер, азаматтар жиындарын өткізу үшін материалдар дайындауға көмек көрсетеді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізеді, құжат айналымын қамтамасыз етеді, тұтынылған электр энергиясы, су үшін қаражат жинауды жүзеге асырады, жастармен жұмыс істейді, бұқаралық, жаппай  дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді, АӘК алу құжаттарды дайындайды, жер қатынастары, мерзімдік басылымдарға жазылу мәселелерімен айналысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «білім»  мамандықтары бойынша  (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі  және әдебиет) немесе «әлеуметтік ғылым» мамандықтары бойынша (мұрағат, ісжүргізу, құжаттамалық қамтамасыз ету). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «білім»  мамандықтары бойынша (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі  және орыс әдебиеті) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (ісжүргізу және мұрағат) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, Е-G-4 санаты,                   № 1-14-7).

Функционалдық міндеттері: Заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметтiң, аудандық және аудан әкiмiнiң актiлерiнiң орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң заң актiлерiне сәйкес құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн, Құжаттаманың ережелерiн, іскерлік хат алмасуды, азаматтардың өтініштерін орындауды, АИС ЕУОЛ нысаны туралы есепті құруға, нотариаттық іс-әрекеттер жасайды және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркейді, анықтамалар береді, іс қағаздарын жүргізеді, техникалық қызметкерлерге келісімшарттар дайындайды, кадрлық құжаттарды, сайлаушылардың жазбаларын дайындайды және сайлауды дайындауға және өткізуге қатысады, баға мониторингін жүргізеді, су бойынша, электр энергиясы бойынша, температура режимін, санитарлық тазалықты және т.б. бақылайды.     Құқықтық жалпы білім беру, сыбайлас жемқорлық және қылмыс бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге, маңызды күндерге және оқиғаларға арналған іс-шараларды ұйымдастырады, көпбалалы аналарды марапаттауға арналған құжаттарды жинау, дайындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға арналған құжаттар, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейді, жаппай дене шынықтыру мен спортты дамытуды бақылайды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

3. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-15-1), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-15-3), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-15-6), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты,                № 1-15-8), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-15-9), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Звездный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-15-14) жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын бақылайды, микрокредиттеу бағдарламаларына қатыстыру үшін кіріс төмен тұлғаларды  анықтайды, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу, ауылшаруашылығында жануарларды жаю үшін елді мекендерде мал жайылымдарын анықтайды, аудан әкімшілігіне жерді алып қою туралы ұсыныс енгізеді, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін. Әкімнің қатысуымен жиналыс өткізу үшін материалдар дайындауға көмек көрсетеді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге, тұтынылған электр энергиясына, суға жиналған қаражаттарды бақылайды, жастармен жұмыс істейді, жаппай дене шынықтыру мен спортты дамытуды бақылайды, АӘК құжаттарды дайындайды, мерзімді басылымдарға жазылуды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «әлеуметтік ғылым» мамандықтары бойынша (мұрағат, ісжүргізу, құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «білім»  мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (ісжүргізу және мұрағат) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

4. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-16-1, уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне 07.09.2018ж. дейін), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты,                № 1-16-2), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-16-6), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-16-10), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қарағайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ    (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-16-11), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік,      Е-G-4 санаты, № 1-16-12) жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері: Бюджет жобасын, жылдық шығыс сметаларын, айлық, тоқсандық және жылдық есептер және баланстарды құрау, бас кітапты жүргізу, нақты және кассалық шығыстарды тарату. Специфика бойынша банк операциясын, зейнеткерлік төлем бойынша, жүйе бойынша есепті, шектелімдерді, штаттарды, автотранспорттың бар болуы және жұмыс туралы есептер, негізгі қаражаттың болуы және қозғалысы және материалды емес активтер туралы, күрделі құрылыс инвестициясын игеру есебін жүргізу үшін ақша қаражатын бөлу. Қызметкерлерге  еңбекақылық төлемдерін төлеу, кассалық кітапты жүргізу. Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша есептерді жасау. №№ 2, 5, 6, 8, 9, 13, 16 мемориалды ордерлерді жинақтау.  Жинақтапу зейнетақы қорын жүргізу, материалдық құнджылықтарды есепке алу, түгендеу жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Біліміжоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «экономика және басқару» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын,«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білу.

5. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-17-1), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-17-3), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-17-4, уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне 19.02.2019ж. дейін) жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жоспарларды әзірлейді және жасайды, конкурстық құжаттаманы дайындайды, ұйымдастырады, конкурстық рәсімдерді өткізу, келісім-шарттар құру. Жұмысты жүргізеді сұрақтары бойынша мердігерлермен шарттық міндеттемелерді орындау. Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

6. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, Е-G-4 санаты,                   № 1-18-1).

               Функционалдық міндеттері: Әкімнің қатысуымен өткен кеңестер, азаматтар жиындарын бойынша материалдар дайындауға көмек көрсетеді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізеді, жастармен жұмыс істейді, жаппай  дене шынықтыру және спорт дамыту мәселелерін жетекшілік етеді, АӘК алу құжаттарды дайындайды, жер қатынастарын мәселелерімен, мерзімдік басылымдарға жазылумен айналысады. Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын бақылайды, микрокредиттеу бағдарламаларына қатыстыру үшін  табысы төмен тұлғаларды  анықтайды, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу, ауыл шаруашылығында жануарларды жаю үшін елді мекендерде мал жайылымдарын анықтайды, аудан әкімшілігіне жерді алып қою туралы ұсыныс енгізеді, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін, құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «әлеуметтік ғылым» мамандықтары бойынша (мұрағат, ісжүргізу, құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «білім»  мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (ісжүргізу және мұрағат) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

7. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-19-2), «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-4 санаты, № 1-19-3) жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын бақылайды, микрокредиттеу бағдарламаларына қатыстыру үшін  табысы төмен тұлғаларды  анықтайды, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу, ауыл шаруашылығында жануарларды жаю үшін елді мекендерде мал жайылымдарын анықтайды, аудан әкімшілігіне жерді алып қою туралы ұсыныс енгізеді, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін, құқықтық жалпы білім беру, сыбайлас жемқорлық және қылмыс бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге, маңызды күндерге және оқиғаларға арналған іс-шараларды ұйымдастырады, жастармен жұмыс істейді, жаппай дене шынықтыру және спорт дамыту мәселелерін жетекшілік етеді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «білім» мамандықтары бойынша немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.        

8. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, Е-G-4 санаты,                   № 1-20-1).

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын бақылайды, микрокредиттеу бағдарламаларына қатыстыру үшін  табысы төмен тұлғаларды  анықтайды, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу, ауыл шаруашылығында жануарларды жаю үшін елді мекендерде мал жайылымдарын анықтайды, аудан әкімшілігіне жерді алып қою туралы ұсыныс енгізеді, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін, құқықтық жалпы білім беру, сыбайлас жемқорлық және қылмыс бойынша жұмысын ұйымдастырады, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге, маңызды күндерге және оқиғаларға арналған іс-шараларды ұйымдастырады, жастармен жұмыс істейді, жаппай дене шынықтыру және спорт дамыту мәселелерін жетекшілік етеді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді. Әкімінің қатысуымен өткен  кеңестер, азаматтар жиындарын өткізу бойынша материалдар дайындауға көмек көрсетеді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізеді, тұтынылған электр энергиясы, суға жиналатын қаражатты бақылауды жүзеге асырады, жастармен жұмыс істейді, жаппай дене шынықтыру және спорт дамыту мәселелерін жетекшілік етеді, АӘК алу құжаттарды дайындайды, жер қатынастары мәселелерімен, мерзімдік басылымдарға жазылумен айналысады. келіп түскен құжаттарды, азаматтардың өтініштерін  қабылдауды және есепке алуды жүзеге асырады, АИС ЕУОЛ формасы бойынша есепті қалыптастырады, ҚР заңнамалық актілеріне көрсетілген тәртіппен нотариалдық іс әрекеттерді жүргізеді және азаматтық хал актілерін тіркейді. Анықтамалар береді, ісқағаздарын жүргізеді техникалық қызметкерлерге  шарттарды кадрлық құжаттарды рәсімдейді, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, сайлаушылардың есебін және сайлауға дайындық және өткізу жұмыстарын жүргізеді, бағалар бойынша және т.б. мониторингтар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Білімі - жоғары «білім» мамандықтары бойынша немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.        

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі  түрлі  түсті  суретпен  нысанда толтырылған «Б»

корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

  1. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшірмелері;

       «Болашақ» халықаралық степендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық степендиясын иеленушілерге берілген білімітуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың  көшірмесі қоса беріледі.

          Өзара  тану және баламалығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырылатын

құжаттың көшірмесі;

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда

жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  №272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  №272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

   Осы 3),4),5),7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

          Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

          Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

          Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM электондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түп нұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

____________________________________________________________

 

________          ____________________________________

(қолы)               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

Форма       

 

 

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 


Дата редактирования: 02 Августа 2018 12:22

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»