В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ГлавнаяКадрлық қамтамасыздандыру 2018 жылғы Төменгі лауазым болып табылмайтын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарландыру Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы 05.09.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы 05.09.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің   хабарламасы 05.09.2018

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-G-1 санатына: жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-G-3 санатына:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
(Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).    

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-1

122463

164936

E-G-3

69957

94108

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM (101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Достық көшесі, 33, анықтама телефоны: 8 (72149) 43317, факс: 8 (72149) 43030, электрондық пошта: adm72149@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу жариялайды:

1. «Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімі аппараты» ММ кент әкімінің орынбасары  (E-G-1 санаты, 1 бірлік, № 1-1-2)

Функционалдық міндеттері:

Ауыл әкімінің қатысуымен өтетін комитет отырысындағы кездесулерге материалдар дайындайды, ауыл азаматтарының жиналыстарының өткізуге және ұйымдастыруға, ауыл тұрғындары өкілдерінің кездесулеріне қатысады, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын бақылайды, энергетика, қазандық және жылу жұмыстарын, сумен жабдықтау желілерін, кенттің тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, абаттандыру мәселелерімен айналысады, санитарлық тазалау, кенттің көгалдандыруы мен жарықтандыруы, азаматтардың жиындарда қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылық құрылыстары жер учаскелерін бөлу, ауыл тұрғындарының жеке секторын тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмыстарды бақылайды. Салық және басқа да міндетті төлемдер мен бюджет жинақтарына жинауға жәрдемдеседі. Жоспарлау қабілеті, ұйымдастыру, бақылау және қарамағындағы жұмысыларды ынталандыру: ақпараттық-аналитикалық жұмыс және мониторинг әдістері мен формаларын меңгеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және  технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Заң актілері туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттей отырып, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. 

2. «Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы  (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-4-2)

Функционалдық міндеттері:

Бюджет жобасын, жылдық, айлық, тоқсандық және жылдық баланс, есептер, бас кітапты жүргізу, нақты шығыс және кассалық тарату,  шығыс сметасын дайындау. Специфика бойынша ақша қаражатын, банк операциясын, зейнеткерлік төлем бойынша, жүйе бойынша есепті, шектелімдерді, автотранспорт жұмысын бөлу, негізгі қаражаттың қозғалысы туралы және материалды емес активті, күрделі құрылыс инвестициясын игеру есебі. Қызметтердің  еңбекақылық төлемдері төлеу, кассалық кітапты жүргізу. Салық төлеу және әлеуметтік бойынша есептерді жасау. №№ 2, 5, 6, 8, 9, 13, 16 мемориалды ордерлердің жиынтығы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  «қызмет көрсету, экономика және басқару»  мамандықтары бойынша  білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын,«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білу.

3.«Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы  (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-8-1)

Функционалдық міндеттері:

Кенттің өндірістік мекемелерімен, энергетика, тұрғын үй шаруашылық қызметкерлерімен байланыс орнатады, телефон, қазандық құбырлары және басқа да коммуникация саласы жұмыстарын ұйымдастырады, кент тұрғындары жиынына, кент әкімі жиналысына мағлұматтар мен есептер  дайындайды, жер учаскелерін беру сұрақтары бойынша өтініштерді қарастырады, елді мекен жерінде ауылшаруашылық малдары үшін жайылым орындарын анықтайды, шаруашылық кітапты жүргізеді, тұрғындар жиыны шешімінің, тапсырмалардың, кент әкімі өкімінің өз өкілеттігіне кіретін саласы бойынша орындалуын бақылайды, техникалық қызметкерлер жұмысын қадағалайды. 

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

4. «Осакаров ауданының Осакаровка кенті әкімі аппараты» ММ бас маманы  (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-11-1)

Функционалдық міндеттері: Жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік етеді, қоғамдық жұмыстарға бағытталған қызметкерлердің жұмысын қадағалайды, азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды, өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттейді.

Ақпараттық-талдамалық жұмыстар мен мониторинг нысандарының формаларын игеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

5. «Осакаров ауданының Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы  (E-G-3 санаты,  1 бірлік, № 1-13-4)

         Функционалдық міндеттері:

Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын бақылайды, шағын табыскерлерді микрокредиттеу бағдарламаларына қатысуға анықтайды, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу, ауыл шаруашылығындағы жануарларды жаю үшін елді мекендерде мал жайылымдарын анықтайды, аудан әкімшілігіне жерді алып қою туралы ұсыныс енгізеді, соның ішінде мемлекеттік қажеттіліктерге,  құқықтық жалпы білім беру, сыбайлас жемқорлық және қылмыс бойынша жұмысын ұйымдастырады, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге, маңызды күндерге және оқиғаларға арналған іс-шараларды ұйымдастырады, көпбалалы аналарды марапаттау және құжаттарды дайындау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау, кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуға жетекшілік етеді және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

          Білімі - Жоғары «білім» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі  түрлі  түсті  суретпен  нысанда толтырылған «Б»

корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

  1. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшірмелері;

   «Болашақ» халықаралық степендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық степендиясын иеленушілерге берілген білімітуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың  көшірмесі қоса беріледі.

          Өзара  тану және баламалығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырылатын

құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  № 272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі  №272  бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         Осы 3),4),5),7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың  көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

         Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM электондық почтасы не«Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түп нұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусының     мемлекеттік     

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

                                                       Нысан   

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

       

 

 

 


Дата редактирования: 06 Сентября 2018 09:23

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»