В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: Жоғары білім.  Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе ғылыми дәрежесінің болуы; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4  санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

– «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

    

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Е-R-1

109548

147986

Е-R-4

56376

76235

Е-G-3

53813

72391

Е-G-4

48047

64703

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к. 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс:  8(72149) 43030, электрондық пошта: osak_kense2011@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Осакаров ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы (1 бірлік, №1-1, E-R-1 санаты).

Функционалдық міндеттері: Дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша мемлекеттік саясатын жүзеге асыру. Дене тәрбиесі және спорт бойынша мемлекеттік саясаты әзірлеуіне ұйымдастыруын және қатысуын өткізуін қамтамасыз ету. Дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша дамуын қамтамасыз ету. Дене тәрбиесі және спорт дамыту бойынша бағдарламаларды әзірлеу. Аудандық деңгейдегі спорт жарыстарын спорттық іс-шараларды өткізуілуін жүзеге асыру. Әр спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларын дайындығы және спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

2. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бюджетті  жоспарлау секторының бас маманы (1 бірлік, № 5-1-1, Е-R-4 санаты).

      Функционалдық міндеттері:    Бюджетке  түскен жылдық түсімнін болжауы, салық түсімдері және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдерінің жағдайынын бағалауы мен талдауы. Салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын орындауын әзірлеуі және бақылау. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын іс-шаралар әзірлеу.  Бюджеттің табыс бөлігін орташа мерзімді үш жылдық кезеңіне аудандық бюджет туралы шешімдердің жобасын әзірлеуіне қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы  (1 бірлік, № 1-2, Е-R-4 санаты)

  Функционалдық міндеттері: Ішкі саясат аясына кіретін сұрақтар бойынша консультациялық, әдістемелік көмек көрсету. «Қазақстан – 2050»  Стратегиясын жүзеге асыруда саяси шаралардын өтуін  қамтамасыз ету.  Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіптік одақтар бойынша  ақпараттық база қалыптастыру.    Аудандық мәслихаттың қызметін, олардың елде және ауданда болып жатқан саяси  үдірістерге қатынасын зерделеу. Діни бірлестіктердің қызметің талдау жіне зерттеу. Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысына қатысу.  Жарнама көрнекі құрал насихат      құралдар мониторингісін жүргізу. Аудандағы білім ордаларында, ұйымдар мен мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Өңір тұрғындарының  қоғамдық көзқарасының мониторингі, әлеуметтік қысым ошақтарын анықтау. Аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-әрекет жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен оқиғалар ретін    есепке ала отырып, ауданда ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын, медиа-жоспарларды үйлестіру мен жүзеге асыру.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

 Білімі - әлеуметтану, саясаттану, тарих мамандықтары бойынша немесе халықаралық қатынастар мамандығы бойынша гуманитарлық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы (1 бірлік, № 1-3,  Е-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Ішкі саясат аясына кіретін сұрақтар бойынша консультациялық, әдістемелік көмек көрсету. Ішкі саясат бойынша ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету, ауданның ақпараттық насихаттаушы топтардың қызметтерін үйлестіру. Жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктермен қарым-қатынас жасасу. Аудан әкімінің аясындағы жастар істері бойынша одақтың жұмысына қатысу. Мемлекеттік басылымдарға жазылу компаниясын ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша мониторингтер жүргізу және талдама материалдарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі - әлеуметтану, саясаттану немесе тарих мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5.  Сұнқар с/о (1 бірлік, № 1-12-3,  Е-G-3 санаты),  Карағайлы с/о (1 бірлік, № 1-12-6, Е-G-3 санаты), Пионерский с/о (1 бірлік, № 1-12-10, Е-G-3 санаты) әкімі аппараттарының бас мамандары. 

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салық жинау және басқа да бюджет төлемдерін бақылауын жүзеге асыру.  Шағын несие беру бағдарламаларына қатысу үшін төмен деңгейлі тұлғаларды анықтау. Елді мекендерде ауылшаруашылық малдарға жайылым жерлерді анықтау, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу. Мемлекет қажетілігі үшін жерді мәжбірлеп алуда аудан әкімдігіне ұсыныстар беру, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеуде іс-шаралар ұйымдастыру, кентте мемлекеттік және кәсіби мейрамдарды өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградамен марапаттау құжаттарын және көп балалы аналарды марапаттау құжаттарын жинау және дайындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – педагогикалық, экономикалық, заңгерлік немесе ауылшаруашылық;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. Садовый с/о  әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, № 1-18-5,  Е-G-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Жергілікті салық жинау және басқа да бюджет төлемдерін бақылауын жүзеге асыру.  Шағын несие беру бағдарламаларына қатысу үшін төмен деңгейлі тұлғаларды анықтау. Елді мекендерде ауылшаруашылық малдарға жайылым жерлерді анықтау, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу. Мемлекет қажетілігі үшін жерді мәжбірлеп алуда аудан әкімдігіне ұсыныстар беру, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарды өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеуде іс-шаралар ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - педагогикалық, экономикалық, заңгерлік немесе ауылшаруашылық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7. Тельман с/о әкімі аппаратының жетекші маманы (1 бірлік, № 1-14-12, E-G-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Әкімнің қатысуымен өткізілген жиындарға, тұрғындардың жиындардың өтуіне материалдар дайындауға көмек көрсету,  мемлекеттік тілде іс жүргізу, электрқуатын, су пайдалануға қаражат жиналуына бақылау жүргізу, жастармен жұмыс, денешынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, АӘК алу құжаттарын дайындау, жер қатынастар бөлімінің мәселелерімен айналысу, кезекті баспасөздерге жазылуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - мұрағаттану, құжаттандыру және  құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Тельман с/о (1 бірлік, № 1-18-11, E-G-4 санаты), Мирный с/о (1 бірлік, № 1-18-12, E-G-4 санаты) әкімі аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:  Жергілікті салық жинау және басқа да бюджет төлемдерін бақылауын жүзеге асыру.  Шағын несие беру бағдарламаларына қатысу үшін төмен деңгейлі тұлғаларды анықтау. Елді мекендерде ауылшаруашылық малдарға жайылым жерлерді анықтау, ауылшаруашылық кітаптарын жүргізу. Мемлекет қажетілігі үшін жерді мәжбірлеп алуда аудан әкімдігіне ұсыныстар беру, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарды өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру және спорт саласын жаңдандыру, мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеуде іс-шаралар ұйымдастыру.

Білімі - педагогикалық, экономикалық, заңгерлік, ауылшаруашылық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Осакаров ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

 


Дата редактирования: 13 Июня 2018 09:08

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»