В Осакаровке:  0°C , Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Отчет акима Кундуздинского сельского округа Осакаровского района Карагандиской области

Құндызды а/о әкімінің 2015 жылдың атқарған жұмысының

Е С Е Б І

Құрметті аудандық құрылым басшылары және ауылдастар!

 

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығындағы  «халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қантар  айында аудан әкімі және ауылдық округі әкімдері халық жиындарында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланған. Соған сәйкес ауылдық округ көлемінде 2015 жылы атқарылған жұмыстар және 2016 жылда алда тұрған міндеттер туралы хабарлама беруге рұқсат етіңіздер . Республика бойынша басым бағыттарды  Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2015 жылғы 30 қарашадағы  жолдаған „Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты" атты жолдауында  айқындап берді.Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы ең ірі қоғамдық саяси маңызы бар оқиға болып табылады.  Себебі әр Жолдаудың қоғам мен мемлекетіміз үшін әр азаматтың мүддесіне қатысты маңызды ерекшілігі бар.

Округтің жалпы және әлеуметтік нысандарының сипаттамасы.Құндызды ауылдық округінің жер көлемі 37,1 мың га,  Шұңкыркөл ауылы.

Ауылдық округте «А.Асылбеков атындағы»ЖШС, 26 шаруа қожалығы, 3 шағын және орта бизнес субьектісі мен №11 орта мектеп, медициналық пункт, кітапхана, мешіт, ауыл клубы орналасқан.

Құндызды ауылдық округі бойынша 608 адам тұрады. Экономикалық белсінді халық саны – 383  адам, зейнеткер  жасында  64 адам. Қайтыс болған дар саны 4адам, туылған нәрестелер саны 5.

Ауылда ұлттық құрам әр түрлі және халық саны 6 ұлтты құрайды: қазақ, орыс, неміс, татар, украин, шешен және галланд.

Ең маңызды бағдарламалардың бірі – бұл агроөнеркәсіп бағдарламасы. Ауылдық округі аумағында 26 шаруа қожалықтары мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеліп, онда 80 адам жұмыс істейді.

2016 жылдың 1 қантардағы мал саны төмендегі көрсеткіштерді құрайды:

жылқы – 568 бас,

ірі қара мал – 1169 бас,

қой -1835 бас,  ешкі-143

құстар – 1089 дана.

Биыл  шаруа  қожалықтары  және  «А.Асылбеков атындағы» ЖШС -3220 га жерге егін егілсе, оның ішінде 2802 га бидай  және  418 га арпа,

«Алшин» фермерлік қожалығы – 120 га бидай,

«Жакупбаев» шаруа  қожалығы – 52 га арпа,

«Жетписбаев» шаруа  қожалығы – 50 га бидай,

«Алғабас» шаруа  қожалығы – 30 га бидай егілді

Құндызды ауылдық округі негізгі капиталға инвестициялық қаражат салу бойынша, А.Асылбеков атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  бір трактор «МТЗ -89», тракторге 1-ПТС «Ауылшаруашылық қаржылай  қолдау қоры»  АҚ-нан алынса,  бір культиватор КШУ-12-01 қолма қол қаражатқа алынған.

А. Асылбеков атындағы ЖШС-гі 50 бас ірі қара тайшаларды Ақмола облысының «Гусаковка» ЖШС –нен  алды.Сонымен қатар,  А. Асылбеков атындағы ЖШС-гі мемлекеттік субсидиялар алды. Олар: сүтке 2 мил. 431 мың теңге, селекцияға (ұрықтандыру) 3мил. 020 мың теңге және арпаға 1 мил. 045 мың теңге субсидиялар алды.

Мемлекеттік мекемелерде, медицинада 6 адам, ветеринарлық станцияда 2 адам,  жеке кәсіпкер – 4 адам бар.

Ауылдық округте 19 мүгедек тұрады. Негізі мүгедектер толық отбасыларда тұрып жатқандықтан, аз қамтылған отбасылар санатына жатпайды.

Электроэнергия үнемі және уақытында толық беріліп отыр. Ауылда 10 дана көше жарықшамдары орнатылған.Ауыл тұрғындары телефон нүктелерімен толық қамтылды.

№11 орта мектепте 20 мұғалім, 25 жұмыскер және 96 оқушы оқып жатыр. Мектепте шағын орталықта  жұмыс істеуде 25 орынға арналған, 10 бала қатысып жүр.

-№11-ші орта мектебіне облыстық бюджеттен 9 мил. 927 мың   теңге бөлінді. Мектептің жылыту жүесіне «Арсенал Юг» ЖШС –гі арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілді және пластикалық терезелер салынды, 4 бейне камералар орнатылды және линолиумдар және кафель төселді.

Теміртау қаласынан «RENMILK»АҚ-мынан арнайы сүт тасымалдайтын машинасы келіп жұмыс жасайды ,ауылдың ішінен сүт қабылдаушысына  жыл бойы 2705 литр сүт тапсырылды.   

Ауылдық округте мәдени, спорттық және саяси шаралар өткізіледі, сонымен қатар мемлекеттік пен ұлттық мерекелерде ұлтаралық бірлестікті кең деңгейде насихаттайды. Барлық мерекелік шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Ауылдық клубта түрлі шаралар мен көркем өнерпаздар ұжымдары концертін өткізеді.

  • «Аймақты дамыту» («Развитие регионов») бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 527 мың теңге берілген.  Шұңқыркөл ауыл ішін құрылыстық қоқыстан тазартуға шешім қабылданды. 1866 тонна көлемде құрылыстық қоқыс шығарылды.
  • Жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша

«Жұмыспен қамту жол картасы  2020» бағдарламасының  2 бағыты аясында шағын несиені 3 үміткер алды. Олар: Бөкебаев Айтбек, Ауельбеков Жора және Байсейтов Болат мал шаруашылығын дамыту мақсатында алды.

Ауыз су мәселесі бойынша

Ақбұлақ жобасымен 2015 жылға Шұңқыркөл ауылында  «Азимут-Геология» ЖШС-гі  су қоймаларын табу, бұрғылау жұмыстары жүргізілді.  Минерардау бойынша 0,8  -  0,7.   Дебет 3,2  -  1,6. Мемлекеттік тапсырыс 4,7. Жоспарбойынша тереңдігі 60 метр.

Округтің проблемалық мәселелері.Сонымен қатар, округі шешімін таппай тұрған үлкен мәселелердің бірі, атап айтканда Киевка-Осакаровка-Қарағанды трассасының қиылсынан елді-мекенге дейін, яғни Құрқопа-Шұңқыркөл тасжолы, ұзындығы 7 шақырым жолы. Сонымен қатар, ауылымыздан  жас кәсіпкері  Канат Бауыржынға  2014 жылы қараша айында Осакаров аудан әкімінен 300 мың теңге гранты табысталған болатын, ал 2015 жылы тамыз айында Қарқаралы қаласында ауылымыздың жеке кәсіпкері Қанат Бауыржанға  ауыл наубайханасын жетілдіруге 300 мың теңге облыс әкімінің Гранты табысталды. Қазіргі кезде, құрылыс нысандары  қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты толық аяқталған жоқ.

 

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 


Дата редактирования: 13 Апреля 2016 15:15

Опрос

На Ваш взгляд, какие меры необходимо принять для противодействия коррупции?

 Проводить агитационную работу с населением по формированию антикоррупционного мировоззрения, нетерпимости к проявлениям коррупции

 Повышать правовую грамотность населения о мерах наказания, предусмотренных за коррупцию

  Повышать эффективность деятельности правоохранительных органов по борьбе с коррупцией и коррупционерами

© 2010 - 2015 Аппарат акима Осакаровского района
+7 (72 149) 41 8 42 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»